
10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күніне орай Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ Қазақстанның өлім жазасын жою туралы шешімін құптады.
Осы мәселе туралы бүгін Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы мен Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі ұйымның сайтында жарияланған бірлескен мәлімдемесінде хабарлады (https://www.coe.int/ru/web/portal/-/european-and-world-day-against-the-death-penalty-10-october).
«Біз барлық жағдайда өлім жазасын алып тастаған Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттерге (соның ішінде ЕО мүше мемлекеттеріне) құптаймыз... Өлім жазасын әлі де қолданатын мемлекеттер санының тұрақты азаюы осы қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және тиімсіз жазадан бас тартудың жаһандық үрдісін растайды», - деп құжатта жазған.
«ЕО мен Еуропа Кеңесі Қазақстанның бүкіл әлемде өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялауын жоғары бағалайды», - деп бірлескен мәлімдемеде атап айтқан.
Өздеріңізге белгілі, 2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 5 маусымда өткен референдумнің кезінде еліміздің азаматтары Конституцияға өзгерістер енгізуді, оның ішінде өлім жазасын алып тастау туралы бапты бекітуді, қолдап дауыс берді.