Хорватия Республикасының Сыртқы сауда және ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік хатшысымен кездесуі туралы

Хорватия Республикасының Сыртқы сауда және ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік хатшысымен кездесуі туралы

Сыртқы сауда және ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік хатшы Ж.Лучичпен кездесуде Президент Қ.Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ инфрақұрылымдық және инновациялық даму аясында іскерлік ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілдi. Өзара қызығушылық тудыратын әртүрлі еуропалық және халықаралық экономикалық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық, Қазақстан-Хорватия сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытудың жолдары туралы нақты келісімдерге қол жеткізілді.