

Ү.ж. 11 желтоқсанда Загреб қаласында Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшілігі мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік гала-концерт өтті. Іс-шараға қоғамдық-саяси және іскер топтардың, ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері, Хорватияның СІМ өкілдері, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, АҚШ, Иран, Үндістан, Корея, Испания, Литва, Румыния, Черногория және басқа елдердің елшілері қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде ТЮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мәдени байланыстар мен өркениеттер диалогын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Мәдениет, музыка және өнер тілі халықтар арасындағы достықты, сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ете отырып, аударманы қажет етпейді дер атап өтілді. ТЮРКСОЙ басшысы Загребте ұйымдастырылған «Түрік әлемінің әуені» фольклорлық музыкасының концерті Хорват көрермендеріне түркі халықтарының ұлы мәдени мұрасының салт-дәстүрлерін жақынырақ білуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
ҚР-дың Хорватиядағы елшісі Төлежан Барлыбаев өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мемлекеттік дамудың, тұрақты экономикалық өсудің, көпұлтты бейбітшілік пен келісім қоғамының бірегей үлгісін құрған табысты өңірлік көшбасшы ретінде қарсы алады деп атап өтті. Ашылу салтанатында сөз алған Түркия елшісі Мұстафа Бабур Хислан мен Әзірбайжан елшісі Фахраддин Гурбанов түркі халықтарының мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін және халықаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Гала-концертте түркі халықтарының музыкалық шығармалары, халық әндері мен билері қойылды. Хорват аудиториясы алғаш рет қобыздың, комуздың, канунның, саздың және басқа да бірегей түркі аспаптарының керемет дыбысын естіді. Қазақстандық шығармаларынан көрермендер қазақтың «Тойбазар», «Желкілдек» халық әндерін, сондай-ақ Құрманғазының «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қороғлы» және басқа да композицияларды тыңдады. Маңғыстау облысының «Жорға» және «Ақжарма» шығармашылық ұжымдарының орындауында халық әндері мен билері қызу қошеметпен қарсы алынды. Загреб музыкалық академиясының «МУЗА» концерт-холлының сахнасында музыка мерекесі тыңдаушылардың жүрегін жеңіп алды.
Салтанатты іс-шараға қатысушылар мен қонақтар Нұрсұлтан Назарбаевтың хорват тілінде шығарылған «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын сыйға алып, «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» фото көрмесін тамашалады, сондай-ақ Хорватиядағы Қазақстан Елшілігінің атынан дипломатиялық фуршетті тамашалады.

ҚР-дың Хорватиядағы Елшіліктің баспасөз қызметі