

Ү.ж. 29 қарашада «Хорватия-Қазақстан» достық Қоғамында Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан тарихи үлесіне арналған дөңгелек үстел өтті. ҚР Елшілігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен «Уақыт тағайындаған» деректі фильмінің премьерасын және елшінің хорват тіліндегі дәрісін ұйымдастырды. Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Халықтық дипломатия» журналында Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған мақала жарық көрді.

Дөңгелек үстелді ашқан Қазақстан Республикасының Елшісі Төлежан Барлыбаев тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік құрылысқа, заманауи экономиканы, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің ерекше әлеуметтік моделін құруға қосқан үлесі туралы айтты. Ұлт Көшбасшысының халықаралық проблемаларды шешудегі сыртқы саяси бастамалары атап өтілді.
Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады, оның жоғары халықаралық беделі мен халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Жоғары деңгейдегі сенімді сұхбаттың арқасында мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізі қаланып, Хорватия мен Қазақстан арасындағы іскерлік, мәдени ынтымақтастық және «халықтық дипломатия» тетіктері жасалды.
Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулер мен келіссөздер туралы жеке естеліктерімен бөлісті. Ол Елбасының халықаралық қауіпсіздік саласындағы жан-жақты іс-қимылын атап өтті, бұл Қазақстанды жаһандық антиядролық қозғалыстың алдыңғы қатарына шығарды, сонымен қатар Қырғызстан, Украина және Сириядағы дағдарыстарды реттеуде, Ауғанстан мен Орталық Азия мәселелерін шешуде.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған қазақстандық даму моделінің тиімділігі туралы пікірлері бір жерден шықты. Олар Ұлт Көшбасшысының елдегі ең жоғарғы билікті беру туралы тарихи шешіміне жоғары баға беріп, қазақ мемлекетінің эволюциялық дамуындағы сапалы жаңа кезеңді атап өтті. «Хорватия-Қазақстан» достық Қоғамының мүшелері Президент Қ.К. Тоқаевтың тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелерді шешудегі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру-билік пен қоғам арасындағы үнқатысуды дамыту, Қазақстандағы жалпыұлттық келісім, тұрақтылық пен демократияны нығайтудағы белсенді, табысты қызметін атап өтті.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің Баспасөз қызметі