Қазақстан елшісі "Prvomajska" компаниясына барып келді

Қазақстан елшісі "Prvomajska" компаниясына барып келді

Үж.21 қарашада Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Төлежан Барлыбаев ауыр өнеркәсіпке арналған арнайы техникалық жабдықтарды шығаруға маманданған Велика Горица қаласындағы «Prvomajska» машина жасау компаниясының басшылығымен кездесті.

1946 жылы құрылғанPrvomajska компаниясы әмбебап станоктарды, токарь құралдарын, техникалық бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады. Келіссөздер барысында хорват тарапы қазақстандық жас мамандарды токарь, фрезеровщикбойынша жұмыс мамандықтары, металдармен және қорытпалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ металдарды өңдеу бойынша күрделі тетіктерді пайдалану саласында мамандарды оқыту салалар бойынша ҚР-мен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.