
2019 жылғы 28-30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласына Сараево қаласының Мэрі Абдуллах Скаки, Хорватияның экс-президенті Степан Месич, БГ Сауда палатасының президенті Неманья Васичтің, Сараеводағы ҚР Құрметті консулының, сондай-ақ оннан астам компания басшыларының қатысуымен Босния және Герцеговинаның іскер топтарының делегациясы келді. Сапарды Хорватия, БГ және Черногориядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Беркут» іскерлік ынтымақтастық қауымдастығы (Сараево қ.) ұйымдастырды.
Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында Босния және Герцеговина бизнесделегациясы АХҚО, Тікелей инвестициялар қорыАтамекен» ҰКП және «Kazakh Invest» ҰК АҚ өкілдерінің қатысуымен «Business Networking Summit» форумына қатысты. Босниялық кәсіпкерлер АХҚО қызметімен және оның органдарымен егжейтегжейлі танысып, орталықтың ислам қаржысы, қаржылық технологияларжасыл» қаржы секілді даму бағыттарын зерттеді
Сапар аясында Сараево қаласының мэрі Абдуллах Скаканың НұрСұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен алғашқы кездесуі өтті. Тараптар қала шаруашылығын дамыту, құрылыс, білім және мәдениет саласындағы тікелей байланыстарды орнату, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Нұр-Сұлтан Әкімі өз әріптесіне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қаланған және қазіргі Қазақстанның табысты дамуының символына айналған астананы дамытудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Сараевоның Мэрі А.Көлгіновты Босния және Герцеговинаның астанасына келуге шақырды, сондай-ақ екі елдің астаналары арасында бауырластық байланыстарды орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Нұр-Султанда Босния және Герцеговинаның бизнес-топтары «Атамекен» ҰКП-мен, Тікелей инвестициялар қорымен және «Kazakh Invest» ҰК АҚ-мен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Босния және Герцеговина бизнес-топтарының тікелей байланыстарын қолдау және сапарлармен алмасу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.