Ақтау мен Сплит бауырлас қалаларға айналады: Хорватия делегациясы Маңғыстау облысына барды

Ақтау мен Сплит бауырлас қалаларға айналады: Хорватия делегациясы Маңғыстау облысына барды

Ү.ж. 27-30 қазан аралығында Хорватия делегациясының Маңғыстау облысының астанасы - Ақтау қаласына сапары өтті.  Делегация құрамында Далматия-Сплит аймағының жетекші энергетикалық, кеме жасау және тоқыма компанияларының басшылары, Хорватия Республикасының Қазақстандағы елшісі Рафик Шабанович, «Kazakh Invest» ҰК »АҚ тәуелсіз серіктесі Ивица Пирич және ҚР Хорватиядағы Құрметті консулы Матео Трамонтана болды. Сапар Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трамовпен болған келіссөздер барысында екі облыстың астаналары арасында тікелей іскерлік байланыс орнату мүмкіндігі талқыланды. Атап айтқанда, Ақтау қаласы (Маңғыстау облысы) мен Сплит (Далматия облысы) қаласы арасында егіздік қатынастарды орнату және тиісті құжатқа қол қою туралы келісімге қол жеткізілді. Хорватиялық компаниялардың инвестициялары мен қызметтерін тарта отырып, қала, теңіз және порт инфрақұрылымын дамыту саласында ынтымақтастық орнатуға өзара қызығушылық білдірілді. 

Хорватия делегациясы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да болып, «Жанарыс» ЖШС, «Тенарис» және басқа да қазақстандық компаниялардың басшыларымен кездесті. Мұнай және кеме жасау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Хорватиялық кәсіпкерлер қазақстандық серіктестерге сапалы және қолайлы бағалар бойынша әлемге әйгілі брендтермен бәсекеге түсетін заманауи қызметтер мен технологияларды ұсынды. Сапар қорытындылары бойынша Маңғыстау облысының іскер топтары делегациясының келер жылы Далматинско-Сплит аймағының астанасына сапарын ұйымдастыру және Сплитте Қазақстан-Хорватия бизнес-форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. 

Ақтауда болған кезде Хорватия делегациясы футболдан Қазақстан чемпионатының «Каспий» - «Екібастұз» ойынын тамашалады. Хорватиялық мамандар Маңғыстау аймағында футболдың дамуына белсенді түрде көмектесіп жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, Ивица Пиричтің және Хорватиядағы ҚР Құрметті консулы Матео Трамонтананың қолдауымен «Каспий» және «Оқжетпес» жастар футбол командаларын 2019 жылғы 2-6 мамыр аралығында Сплитте өткен «Далматинко-2019» ірі халықаралық турниріне қатысуы ұйымдастырылған, Хорваттар мен «Каспий» футбол клубы арасындағы ынтымақтастық сәтті дамуда. 

ҚР Елшілігінің Хорватия, БмГ және Черногориядығы Баспасөз қызметі