Қазақстан Елшісінің Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесуі туралы

2020 жылдың 11 ақпанында Загреб қаласында Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаевтың Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында хорватиялық министрі Брюссельде өткен ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысы аясында ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен жуырдағы келіссөздердің қорытындысына жоғары баға берді. Ол ү.ж. І-жартысындағы Еуропалық Одақ Кеңесіндегі Хорватияның төрағалық ету миссиясы туралы айтып, ЕО мен ҚР ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты байланыстардың үдемелі өсуін атап өтіп, өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Хорватия Елшілігінің және Сплит қаласындағы ҚР консулдығының ашылуы, экономикалық ынтымақтастық және қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдердің күшіне енуі, сондай-ақ 2019 жылғы сәуірден бастап ҚР мен ХР СІМ басшыларының төрт ресми кездесулері бұған куә болды деп мақұлдады.

Елші Загребте ү.ж. жоспарланып отырған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорват ҮАК-тің I-ші отырысының мерзімін пысықтау туралы, сондай-ақ 2020 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 12-ші министрлік кездесуіне дайындық барысы туралы хабарлады.

Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Г.Грлич Радман 2020 жылғы маусымда ДСҰ-ның министрлік конференциясына қатысу, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан астанасына бару ниетін растады.

Қазақстан Республикасы Хорватия, БмГ және Черногориядағы Елшілігінің Баспасөз қызметі