"Тұран", "Каспий", "Астана" және "Атырау" жастар футбол командалары 2022 жылғы 2-5 маусымда Хорватияның Сплит қаласында өтетің "Далматинко Кубогы" халықаралық балалар-жасөспірімдер футбол турниріне дәстүрлі түрде қатысуда. Хорватияға барлығы 110 қазақ баласы келіп, жарысқа қатысуда.
Қазақстандық балалар Венгрия, Босния мен Герцеговина, Черногория, Албания, Хорватия, Канада және Аустралияның (20-дан астам ел) жүзден астам балалар футбол командаларымен ойнайды. Турнирге қатысу қазақстандық жас футболшыларға допты иелену шеберлігін арттыруға, ал жаттықтырушыларға - халықаралық мамандармен өз білімдерімен және тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік береді.
Турнирге қатысудан басқа, Қазақстан футбол клубтарының тәрбиеленушілері үшін Адриатика теңізі, Сплит қаласы және Хорватияның атақты "Хайдук" клубының стадионы бойынша ұмытылмас экскурсиялар ұйымдастырылды.
Қазақстан Елшісі Алтай Әбибуллаев балаларға жеңіс тілеп, Сплит қаласындағы "Kazakh Invest" ҰК АҚ тәуелсіз серіктесі Ивица Пиричке және танымал футболшылар Владимир Рибичке, "Астана" ФК ойыншысы Марин Томасовқа қазақстандық жас футболшылардың Хорватияға сапарын ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Мұндай турнирлерге қатысу қазақстандық жас футболшыларға тәжірибе жинауға, отандық футболдың деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі