Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

Головкин Муратаны нокаутпен жеңді

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңді.

Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Спортшылар Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO, Риота Муратаның WBA Super белбеуін сарапқа салды. Головкин Муратаны 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді - жапон боксшысы нокдаун алған кезде оның бұрышы рингке ақ орамал тастады.  

Осылайша, кеше 40 жасқа толған Геннадий Головкин кәсіпқой карьерасында 42-жеңісіне қол жеткізді.