
Пандемия жариялануына және әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер Қазақстан аумағында қашықтықтан білім алуда және олар емханаға жүгінген кезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) шеңберінде медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 26 - бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін МӘМС-ға жарналарды мемлекет жасайды.
Алайда, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер Қазақстан аумағында студент ретінде тіркелмегендіктен, оларға МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу қолжетімсіз.
Студент мәртебесін өзектендіру үшін 2020 жылдың қазан айында БҒМ egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша қызметті әзірледі.
Студент egov.kz электрондық үкімет порталында «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде оқуын растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) тіркеу арқылы өтініш беруі тиіс.
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?
1-қадам. Электрондық үкіметтің (egov.kz) сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз.
2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттер дітіркеу» тармағын таңдаңыз
3-қадам. Өтініштітолтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз.
4-қадам. Өтінімөңдегенненкейінжекекабинетіңізгехабарламажіберіледі.
*тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия соңына сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.