
Қазақстанның ұсынысы бойынша ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық атаулы күндер күнтізбесіне тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы енгізілді. Бұл шешім ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-сессиясы барысында қабылданды.
Ахмет Байтұрсыновтың есімі "Алаш" партиясының қызметімен тығыз байланысты. Осы көрнекті тұлғалар туралы және "Алаш" партиясының қалыптасуы мен қызметі туралы толығырақ "Жарияланымдар" бөлімінде мақалалардан білуге болады.