
Ү.ж. 8 ақпанда ҚР Елшісі Т.Барлыбаевтың Хорватия Премьер-Министрі Андрей Пленковичпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Елші ХР үкіметінің басшысын "қаңтар трагедиясы" туралы хабардар етіп, ҚР басшылығының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адам құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі шараларын атап өтті. Дипломат ҚР жаңа Үкіметінің міндеттері мен оның кеңейтілген отырысының қорытындылары туралы айтып, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің мызғымастығын атап өтті. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы мен ҚР әлеуметтік бағдарланған саясаты шеңберіндегі демократиялық реформалар бағытын түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Т.Барлыбаев А.Пленковичке екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, атап айтқанда - Қазақстандағы Хорватия Елшілігін, Сплит қаласындағы ҚР Құрметті консулдығы ашу, іскерлік және мәдени байланыстарды кеңейту мәселелерінде ықпал еткені үшін ризашылығын білдірді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналымы екі еседен астам өсіп, 680,96 млн. АҚШ долларын құрағаны атап өтілді, бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап өзара саудадағы ең жоғары көрсеткіш.
Премьер-министр А.Пленкович Загребтің Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін атап өтіп, екі ел арасындағы байланыстарының жай-күйіне қанағаттанушылық білдірді. Оның бағалауы бойынша, мемлекетаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын өткізу, сондай-ақ 2022 жылы жоспарланған бірқатар өзара сапарлар мен мәдени іс-шаралар қызмет етеді. Хорватияның Үкімет басшысы Қазақстанға мемлекетті, экономика мен қоғамды жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін жүзеге асыруда табыс тіледі.
ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі