Қазақстан Елшісінің Хорватия мүфтиі Азиз Хасановичпен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісінің Хорватия мүфтиі Азиз Хасановичпен  кездесуі туралы

Ү.ж. 25 қаңтарда ҚР-ның Хорватиядағы Елшісі Т.Барлыбаевтың Хорватия Ислам қоғамы Жоғары Кеңесінің төрағасы, мүфти Азиз Хасановичпен кездесуі өтті.

Әңгімелесу барысында Елші Қазақстандағы қаңтар айының басындағы қайғылы оқиғалар туралы хабардар етіп, терроризм, діни экстремизм және трансұлттық қылмыс қаупінің қауіп-қатерлігін атап өтті. Қазақстан басшылығының конституциялық құқықтық тәртіпті қалпына келтіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тиімді шаралары атап өтілді. Дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік жүйесі мен экономикалық саясат реформалары толғағыжеткен әлеуметтік мәселелерді шешуге және ҚР барлық азаматтарының әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.

Мүфти А.Хасанович қазақстандықтарға жанашырлық пен қолдау сөздерін білдірді, нәтижесінде бейбіт тұрғындар құрбан болған Қазақстандағы терроризм мен зорлық-зомбылық актілерін қатаң айыптады. Ол діни экстремизм көріністеріне жол бермеуді, ҚР басшылығының исламның рухани құндылықтарын дамытудағы тәсілдеріне қолдау білдірді. Зайырлы дәстүрлер Қазақстанның баға жетпес мұрасы болып табылатынын, оның негізінде толеранттылық, ізгілік пен бейбітшілік сүйгіштік, көпконфессиялы қоғамның барлық азаматтарының құқықтарын құрметтеу жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде мүфти Азиз Хасанович бастаған Хорватия Ислам қоғамы өкілдері делегацияның қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі