Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы Сараево мен Загребте атап өтілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы Сараево мен Загребте атап өтілді

Ү.ж.14-15 желтоқсанда Сараево қаласында Босния мен Герцеговинадағы ҚР Құрметті консулдығының қатысуымен Елшіліктің ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.

ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев Сараево қаласының балалар кітапханасына барып, Тәуелсіздік күніне арнайы шығарылған босниялық тілге аударылған "Алдар көсе" қазақ ертегілерінің кітаптарын жас оқырмандарға сыйға тартты. Кітаптарды тапсыру рәсімінде дипломат қазақ ертегілері Босниялық балалар үшін танымдық қызығушылық тудыратынына сенім білдірді.

Сараево қаласының мэрі Биньямина Каричпен және "Ескі Қала" елордалық муниципалитетінің басшысы Ибрагим Хаджибайричпен кездесуде Елші ҚР Тәуелсіздігінің жетістіктері туралы айтып берді. Қазақстанның дамуының символына оның жас астанасы НұрСұлтан қаласы айналғаны атап өтілді. 2019 жылы екі астананың басшылығыарасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумның маңыздылығы атап өтілді. БмГ-ның елорда басшылығына Н.Ә.Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітаптары, Абай шығармаларының жинағы және Әл-Фараби туралы монографиясы табыс етілді.

Елшінің БмГ-ның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмед Халиловичпен келіссөздері барысында Босниялық тарап қазақстандықтарға Тәуелсіздік мерейтойына орай шын жүректен құттықтауларын білдірді. А.Халилович Қазақстанның мемлекеттік құрылыстағы, нарықтық экономика құрудағы, қоғамдық жаңғыртудағы және сыртқы саяси саладағы жетістіктерін жоғары бағалады. ҚР ұлтаралық келісімді нығайтуда негізгі рөл атқарған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Сапар аясында Елші жиһаз өндіретін"APTHA Corporation" кәсіпорнының қызметімен танысты, Сараеводағы Абай Құнанбайұлының мүсініне гүл шоғын қойды, "Klix" агенттігіне сұхбат берді және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қабылдауға қатысты.

Ү.ж. 16 желтоқсанда Хорватияның астанасы Загреб қаласында Қазақстан Елшілігінің Тәуелсіздік мерейтойына арналған Хорватияның қоғамдық-саяси және іскер топтардың, ғылым, білім және мәдениет қайраткерлерінің, дипломаттар мен журналистердің қатысуымен мәдени тұсаукесері ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында ХР ұлттық операсы солистерінің Ішекті аспаптар квартетінің концерті, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" фотогалереясы, Ұлы даланың туристік әлеуеті туралы бейнефильм көрсету, "Алдар көсе" қазақ ертегілері жинағының тұсаукесері, сондай-ақ дипломатиялық қабылдау өтті.

Ісшараны аша отырып, Т.Барлыбаев тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ Тұңғыш ПрезидентЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған ауқымды мемлекеттік өзгерістердің қорытындыларын атап өтті. Дипломат Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының басты қорытындысы алғаш рет 19 миллион адамнан асқан әлеуметтік прогресс пен қазақстандықтар санының өсуін қамтамасыз еткен бейбітшілік, тұрақтылық және орнықты экономикалық даму екенін атап өтті. ҚР басшылығы жүргізіп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың қазіргі заманғы бағыты тұрақты дамудың кепілі және Қазақстанның болашағының іргетасы болып табылатыны атап өтілді.