Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты

Қазақстан Президенті бұл басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі белесі қарсаңында өтіп жатқанын, осы тарихи межеге толағай табыспен жетіп отырмызғанымызды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан аймақтық және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын беделді мемлекетке айналды. Мемлекет басшысы сыртқы саясатымыздың негізін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалағанын және оның тікелей басшылығымен кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдар ішінде стратегиялық серіктестеріміз – Ресей, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерімен достық қатынасымыздың нығайғанын, ал АҚШ пен Еуропа Одағы елдері біздің инвестиция және сауда саласындағы әріптестеріміз екенін атап өтті.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-syrtky-ister-ministrliginin-keneytilgen-alka-otyrysyna-katysty-1810014?fbclid=IwAR2SUwGhrr-kEHdTGkKCWI7lQxz85jhuRKxriL1Wc43vQg8iOekhXHK839c