Хорватия астанасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Хорватия астанасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Ү.ж. 10 қыркүйекте Загреб қаласында көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің, Парламент депутаттарының, Босния мәдени қоғамы мен Қазақстан-Хорватия достық қоғамының мүшелерінің, дипломаттар мен журналистердің қатысуымен Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел, суреттер мен фотосуреттердің тақырыптық көрмесі, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған классикалық музыканың камералық концерті өтті.

Жолдаудың мазмұнын талқылай отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және әлеуметтік стандарттарды арттыру аясында Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтірудің тұрақты қарқынын атап өтті. Пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканы цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін, өңірлік саясатты, еңбек нарығы және адам құқықтарын қорғауды жетілдіру жоспарларын қоса алғанда, реформаларды жүргізуге қазақстандық басшылықтың жүйелі көзқарасы атап өтілді.

Хорватияның Экс-президенті Степан Месич Қазақстанның тұрақты дамуының іргетасы және Жолдауда қойылған міндеттерді табысты іске асырудың кепілі болып табылатын халық бірлігін, тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қолдау бойынша Қазақстан күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы мен ҚР заманауи қоғамдық және экономикалық моделінің жасампаздығына қосқан зор үлесі атап өтілді.

Парламент депутаттары Даворко Видович пен Барбара Антолич Вупора ҚР-ның білім беру және адами капиталды дамыту саласындағы басымдықтарын жоғары бағалады. Қазақстанның ұлтаралық саясат, толеранттылық және конфессияаралық келісім қоғамын құру саласындағы тәжірибесі ерекше атап өтілді, оның моделі әлемнің басқа елдеріне үлгі бола алады.

Хорватия-Қазақстан достығы қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович Президент Қ.Тоқаевтың халықтың әлсіз топтарын қолдау жөніндегі бастамаларын құптады. Ең төменгі жалақыны арттыру, еңбекақы төлеу қорын арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейту туралы шешімдердің маңыздылығы атап өтілді.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан әлеуметтік стандарттар мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған саяси жаңғыру және экономикалық реформалар жолымен сенімді жүріп жатқанын мәлімдеді. Дипломат ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының тарихи кезеңдерін - Семей ядролық полигонының жабылуын және жаппай қырып - жою қаруынан өз еркімен бас тартуды, Конституцияның қабылдануын, жаңа астана - Нұр-Сұлтан қаласының құрылуын, әлемдік қауіпсіздік пен ынтымақтастық форумдарын, жаһандық дінаралық диалогты және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қызмет еткен басқа да көптеген қадамдарды атап өтті.

Іс-шара аясында Загребтегі Қазақстан Елшілігінің жазғы террасасында классикалық музыканың камералық концерті өтті. Қазақтың танымал виолончелисті Эльдар Сапараев пен Хорватияның жас виртуоздары Кьяра Янко мен Виктор Чандрлич Абайдың, Иоганн Себастьян Бахтың және Астор Пьяцолланың музыкалық композицияларын орындады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің мерейтойына арналған көркем суреттер мен фотосуреттер көрмесімен танысты.