ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ  СЪЕЗІНІҢ XIX ХАТШЫЛЫҒЫ

2021 жылдың 6 қазанында Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-сұлтан қаласы) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы өтеді.

XIX Съезд Хатшылығының күн тәртібі 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Cъезіне дайындық барысы  қарауды және пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы Съездің маңызын, сондай-ақ мәдениеттер, қоғамдар мен өркениеттердің жақындасуындағы қазіргі заманғы діни көшбасшылардың рөлін талқылауды көздейді.

XIX Хатшылықтың құрамына шетелдік діни жетекшілер мен халықаралық орталықтар басшыларының өкілдері енгізіледі. Атап айтқанда, Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясы (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасы (Сауд Арабиясы), Кавказ мұсылмандары басқармасы (Әзірбайжан), Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрлік (Сауд Арабиясы), Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институты (Пәкістан), Мысыр Уақыфтар министрлігі, Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімі, Армян апостолдық шіркеуінің украин Епархиясы, Қасиетті Тақтың Папалық кеңесінің дінаралық диалог бойынша Ислам бюросы (Ватикан), Англикан шіркеуі (Ұлыбритания), Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы, Израильдің Бас сефард раввині, Израильдің Ашкенази раввині, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығы (Таиланд), Қытай буддистер қауымдастығы, Қытай даосистер қауымдастығы, "Джинджя Хонче" синтои ұйымы (Жапония), «Сомайя Видьявихар» университетінің Конфессияаралық қатынастар және өзара түсіністік жөніндегі бағдарламалары (Үндістан), БҰҰ Өркениеттер альянсы (АҚШ), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) және т.б.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысына қатысушылардың толық тізімі Н. Назарбаев орталығының сайтына орналастырылады: http://religions-congress.org.