
Ү.ж. 6 шілдеде Подгорица қаласында астаналық басшылығының, Черногория СІМ және басқа да ведомстволар өкілдерінің, қоғам және іскер топтар, дипломаттар мен журналистердің қатысуымен Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Подгорица қаласының мэрі Иван Вукович ҚР консулдық өкілдігінің ашылуын құптап, қазақстандықтарды мемлекеттік мереке - Астана күнімен құттықтады. Туристік, іскерлік және мәдени алмасулардың дамуына Нұр-Сұлтан мен Подгорица арасында тұрақты тікелей әуе қатынасының ашылуы ықпал еткені атап өтілді. Қала басшысы екі елорда арасында бауырластық байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.
Елші Төлежан Барлыбаев И.Вуковичті Черногорияның келе жатқан Мемлекеттілік күнімен құттықтап, оған "Алтын адам" ҚР Тәуелсіздігінің символын табыс етті. ҚР мен Черногория арасындағы дипломатиялық қатынастардың 15 жылдығы қарсаңында (2006 жылғы 14 шілде) екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді. Соңғы СІМаралық консультациялар және 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық Бағдарламасына қол қою екі елдің СІМ-нің өзара іс-қимылын жандандыруға ықпал етті. Черногория тарапының қазақстандықтар үшін біржақты тәртіппен уақытша визасыз режим ұсыну шешімі де маңызды қадам болды.
Қазақстанның Черногория астанасында екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы өкілдігінің ашылуының маңыздылығын атап өтіп, елші Т.Барлыбаев ҚР Құрметті консулы Горан Джукановичке жоғары награда - түркі мәдениеті Халықаралық ұйымының Абай медалін табыс етіп, оның екіжақты байланыстарды дамытуға және Черногориядағы қазақ мәдениетін танымал етуге қосқан қомақты жеке үлесін атап өтті.
Өз кезегінде Г.Джуканович Черногориядағы ҚР Құрметті консулдығы қазақстандық азаматтарға жедел қолдау көрсету және көмек көрсету, сондай-ақ туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу мақсатында ашылғанын мәлімдеді. Ол консулдықтың филиалы Будва қаласындағы черногор жағалауында да ашылатынын айтты.
Ашылу рәсімі аясында черногор тіліндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының және Абай Құнанбайұлының таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері, сондай-ақ Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына арналған фотосуреттер көрмесі өтті.
Сол күні Подгорица қаласында Қазақстан елшісінің Черногория Үкіметі, Парламенті және Подгорица мэриясының басшылығымен келіссөздері, сондай-ақ ұлттық телеарнасында сұхбат өтті.
ҚР Елшілігінің Хорватидағы баспасөз қызметі