
Ү.ж. 17 маусымда Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстаннан Черногорияға тікелей әуе рейстерінің ашылу салтанатына және Подгорица қаласында өткен баспасөз конференциясына қатысты.
Рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Нұр-Сұлтан мен Подгорица арасында тікелей әуе қатынасын орнату екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, туристік, іскерлік және мәдени алмасуларды кеңейтуге қызмет ететінін мәлімдеді. Ү.ж. сәуірде ведомствоаралық консультациялар барысында қол қойылған 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан мен Черногория СІМ-дерінің ынтымақтастық бағдарламасының, сондай-ақ Черногория тарапының қазақстандықтар үшін визасыз режим ұсыну туралы шешімінің маңыздылығы атап өтілді.
Дипломат екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуына орай, Подгорицада 2021 жылғы 6 шілдеге жоспарланған ҚР Құрметті консулдығы кеңсесінің ашылуын жариялады. Консулдық Черногориядағы қазақстандық туристерге жедел қолдау көрсетеді, сондай-ақ туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі. Консулдықтың филиалы черногориялық жағалауында - Будва қаласында да ашылады.
Қазіргі уақытта «Air Astana» әуе компаниясының Черногория астанасына рейстері Нұр-Сұлтан қаласынан сәрсенбі және сенбі күндері, Алматы қаласынан бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ү.ж. 21 маусымнан бастап рейстер күн сайын Нұр-Сұлтаннан дүйсенбі және Алматындан сейсенбі мен жұма күндері ұшып шығуларды қоса отырып орындалатын болады.
Хорватия, БмГ және Черногориядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі