Подгорицада Қазақстан мен Черногория арасындағы сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті

Подгорицада Қазақстан мен Черногория арасындағы сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті

Ү.ж. 15 сәуірде Подгорица қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры Тимур Сұлтанғожин бастаған делегацияның қатысуымен Қазақстан мен Черногория сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының делегациясын Черногорияның Сыртқы істер министрі Джордже Радулович қабылдады. Қазақстандық дипломаттар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдына орай СІМ басшысына Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын сыйға тартты.

Келіссөздер барысында қабылдаушы тарапын екіжақты істер, экономикалық және мәдени дипломатия жөніндегі Бас директоры Чедомир Фуштич, Еуразия департаментінің директоры Сюзанна Бошкович, сондай-ақ Черногория СІМ аумақтық бөлімшелерінің басшылары өкілдік етті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың қазіргі ахуалы мен келешегі, екі мемлекеттің халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Экономикалық ынтымақтастық, туризм, білім, мәдениет және спорт салаларындағы байланыстарды дамыту туралы бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қоюға дайындық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

ҚР делегациясы Черногория Үкіметінің Қазақстан азаматтары үшін кіру визаларын уақытша алып тастау туралы шешімі үшін ризашылығын білдірді. Екіжақты байланыстардың маңызды тетігі ретінде ашылуы 2021 жылғы 6 шілдеге жоспарланған Қазақстан Республикасының Черногориядағы Құрметті консулдығы болуға тиіс.

Халықаралық тақырып бойынша пікір алмасу шеңберінде тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды ұлғайтуға келісті.

Консультациялардың қорытындысымен Қаазақстан мен Черногория сыртқы істер министрліктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты ақпарат алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

ҚР-дың Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі