"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы"

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы"

Студент мәртебесін өзектендіру үшін 2020 жылдың қазан айында БҒМ egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша қызметті іске асырды.

Нұсқаулық

Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?

1-қадам. Электрондық үкіметтің(egov.kz) сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз.

2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз

3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз.

4-қадам. Өтінімөң дегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.

* тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.