
Ү.ж. 15 қазанда Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігі Хорват-Қазақстан достығы қоғамымен бірлесіп, фашизмді Жеңудің 75-жылдығына және Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 28-жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырды.
Елші Төлежан Барлыбаев Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында халық-азаттық қозғалысы мен партизандық күрестің орталығы болған Карловацкий жупаниясының Войнич муниципалитетіне барды. Войничтің мэрі Н.Андричпен кездесуде қазақстандықтардың фашизмге қарсы күреске, олардың КСРО аумағында және еуропа елдерінде партизандық қозғалысқа қатысуының ерлік үлесі атап өтілді. Қаза тапқан жауынгерлер мен фашизм құрбандары мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Дипломат облыс басшылығын Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, Қазақстан-Хорват қатынастарының жай-күйі мен перспективалары туралы хабардар етті. ҚР мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 28 жыл толуына орай Елші қалалық саябақта екі ел халықтарының символикалық «Достық ағашын» отырғызу рәсіміне қатысты.
Іскерлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында Т.Барлыбаев облыстың жетекші «DW Reusables d.o.o.» кәсіпорнында болып, компанияның өндірістік әлеуетімен танысты.
Сапар соңында елші аты аңызға айналған Петрова Тауына барды, онда 1941 жылдың қазан айында бұрынғы Югославия халықтық-азаттық қозғалысының орталық штабы жұмыс істей бастады, сегіз партизандық госпиталь, баспахана, әскери-механикалық шеберханалар, ұстахана, дәріхана, былғары зауыты және наубайхана орналастырылды.
ҚР Елшілігінің Хорватиядағы Баспасөз қызметі