
Ү.ж. 8 қазанда Загребте экс-Президент Степан Месичтің, Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилиповичтің, Босния мәдени қоғамының жетекшісі Ферид Диздаревичтің, меценат Энвер Мораличтің және Хорватия қоғамының басқа да көрнекті өкілдерінің қатысуымен «Абайдың әлемдік мұрасы» атты видео презентация ұйымдастырылды.
Мәдени шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев ұлы ақын, ғалым және ағартушының қазақ әдебиетінің, ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы айтты. Адам капиталын дамыту, білім қоғамын қалыптастыру және ұлттың интеллектуалды әлеуетін арттыру жөніндегі мемлекеттік тапсырмаларды іске асыру шеңберінде абайтанудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының ғаламдық маңызын және оның өркениеттік даму адамзат алдына тастаған заманауи сын-қатерлер тұрғысынан ерекше өзектілігін атап өтті. Қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының шығармашылығы бүкіл адамзат үшін адамгершіліктің жоғары мұраттарының камертоны екендігі баса айтылған. Ү.ж. желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Хорватия астанасында Абайдың хорват тілінде таңдамалы шығармалар жинағы ұсынылады.
ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі