Меню

Страницы

Статья

Қазақстан - Черногория

Жалпы мәліметтер

2006 жылғы 14 шілдеде дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Черногорияда ҚР Елшілігі жоқ, қызметін қоса атқаруды Загребте (Хорватия) орналасқан ҚР Елшілігі жүзеге асырады.

Қазақстанда Черногория Елшілігі жоқ, қызметін қоса атқару функцияларын Мәскеуде (Ресей Федерациясы) орналасқан Черногория Елшілігі жүзеге асырады.

2019 жылғы 3 мамырда ҚР-ның Черногориядағы Құрметті консулы- Горан Джуканович тағайындалды.

 

Жоғары деңгейдегі байланыстар

ҚР экс-Президенті Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаев Черногорияға сапарларды жасаған жоқ.

Черногория Президенті Қазақстанға бір рет келді (Ф.Вуянович ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына қатысу үшін 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда жұмыс сапарымен барды).

2023 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаев Черногория Президенті Яков Милатовичпен Нью-Йорк қаласында БҰҰ БА 78 сессиясының аясында келіссөздер жүргізді.

2021 жылғы 15-16 шілдеде Черногория Премьер-Министрінің орынбасары Д.Абазович Қазақстанға сапармен келіп, ҚР Премьер-Министрі А.Маминмен және бірқатар министрліктердің басшылығымен кездесулер өткізді.

 

Парламентаралық ынтымақтастық

Черногорияға сапарлар:

- ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко (2015 ж. наурызда).

ҚР-ға сапарлар:

-Черногория Скупщинасының (Парламентінің) президенті И.Брайовичтің Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім.» шаралар аясында сапары (2019 ж. 22-25 қыркүйек).

ҚР Парламентінде Черногориямен ынтымақтастық тобы құрылды. Черногория Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі топ жоқ.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР ҚМ КХД деректеріне сәйкес, 2023 жылы ҚР мен Черногория арасындағы екіжақты сауда көлемі 1 млн 132 мың долларды құрады.  Экспорт-4,7 мың, импорт-1 млн 128 мың АҚШ доллар. Қазақстандық экспорттың негізгі бабы - легирленбеген алюминий.

2022 жылы ҚР мен Черногория арасындағы екіжақты сауда көлемі 1 млн 60 мың долларды құрады (экспорт-31 мың, импорт-1,03 млн.).

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Черногорияның екі елдің астаналарында дипломатиялық өкілдіктерінің болмауына байланысты мәдениет саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігшілігіне қарай жүзеге асырылады.

Дата публикации
10 февраля 2020
Дата обновления
29 января 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
24 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
24 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
24 мая 2025
ҚР-дан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

facebook
instagram
twitter
youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары