Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Азаматтықтан шығу – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату түрі. Шетелде тұрақты тұратын адамның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

  • Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмаған;
  • Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
  • Сауалнама – өтініш.
  • Өмiрбаян (өз қолымен жазылған).
  • 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
  • Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері.
  • Тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
  • Консулдық алымның төленгенi туралы құжат.
  • Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).
  • Кәмелетке толмаған адам өтініш берген кезде, оның расталған жазбаша келісімі қажет (14 - 18 жас).
  • Құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап – 6 айға дейін
  • Сомасы – 130 еуро

Күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндерінен басқа).

Демалыс күндері және  Қазақстан  мереке күндері: жабық. 

Құжаттарды тапсыру:  сағ. 09.30 - 12.30 аралығында алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: тіркелу

Дайын құжаттарды беру уақыты: 16.00 сағ. -  17.00 сағ.

Тел.:  +385 1 483 93 45 (консультациялар сағ. 13:00-14:00 аралығында)

WhatsApp Chat: +385 91 93 1 64 60 (онлайн консультация)

Электронды пошта: consul.zagreb@mfa.kz

Дата публикации
24 мая 2025
Дата обновления
24 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
24 мая 2025
ҚР-дан құжаттарды талап ету
Ақпарат
24 мая 2025
ҚР азаматтығын жоғалту
24 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

facebook
instagram
twitter
youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары