Қазақстан Республикасынан тыс елдерге қоныс аударып, өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған бұрынғы Қазақстан азаматтары Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне жүгіну қажет.
Егер бұрынғы Қазақстан азаматы өзге елдің азаматтығын алғанын (қос азаматтықты) жасыратын болса, бұл әрекет әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады және 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуына әкеп соғуы мүмкін.
Осы салдардың алдын алу мақсатында басқа елдің азаматтығын қабылдаған жағдайда, азаматтықты жоғалтуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы консулдық бөлімге уақтылы хабарласу қажеттілігіне назар аударамыз.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды рәсімдеу үшін келесі тізбеге сәйкес мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Азаматтарды қабылдау алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.