Меню

Страницы

Статья

Құжаттарға апостиль қою және құжаттарды заңдастыру

Консулдық заңдастыру немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады?

Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса –"апостиль" мөртабаны қою қажет. Немесе – консулдық заңдастыру қажет.

Қазақстан Республикасы легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, ҚР-дың мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар Хорватия аумағында танылу үшін ҚР-дың құзыретті органдарында «APOSTILLE» мөрімен растауды керек.

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

«Апостиль» белгісін қоятын Гаага конвенциясына кірген мемлекеттердің мәртебесін заңдастыруды тоқтату және заңдастыруды жеңілдетуі

«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер Сіз құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте, құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшке ие болады.

Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

  1. Еркін нысандағы өтініш
  2. Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Апостиль қойылатын құжат
  4. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  1. Еркін нысандағы өтініш
  2. Өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Заңдастырылатын құжат
  4. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

Қазақстан Республикасына апостиль қоюға жіберілген құжаттарды өңдеу уақыты - 3 немесе одан да көп айды құрайды;

Құжаттарды заңдастыру: жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - 3 жұмыс күні, ал егер қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болса, мерзімді 30 күнтізбелік күннен асырмай ұзартуға болады, ал қызмет алушыға мерзімдердің ұзартылғандығы туралы хабарлама жіберіледі.

Құжаттарға апостиль қою – 30 еуро;

Құжаттарды заңдастыру – 30 еуро.

Күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндерінен басқа).

Демалыс күндері және  Қазақстан  мереке күндері: жабық. 

Құжаттарды тапсыру:  сағ. 09.30 - 12.30 аралығында алдын-ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: тіркелу

Дайын құжаттарды беру уақыты: 16.00 сағ. -  17.00 сағ.

Тел.:  +385 1 483 93 45 (консультациялар сағ. 13:00-14:00 аралығында)

WhatsApp Chat: +385 91 93 1 64 60 (онлайн консультация)

Электронды пошта: consul.zagreb@mfa.kz

Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
26 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 мая 2025
ҚР-дан құжаттарды талап ету
Ақпарат
24 мая 2025
ҚР азаматтығын жоғалту
24 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

facebook
instagram
twitter
youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары