Бұл жадынама Қазақстан Республикасының Хорватияға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырамау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.
Хорватия аумағына кіру үшін виза қажет, оны алу үшін Хорватияның Қазақстандағы Елшілігіне немесе Алматы қаласындағы визалық орталыққа (http://www.vfsglobal.com/croatia/kazakhstan) алдын ала жеке хабарласуды ұсынамыз.
Кейбір жағдайларда визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз.
Шет мемлекеттер елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.
Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шет мемлекеттердің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан туындаған шығындарыңыз үшін жауап бермейді.
Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.
Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шет мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін.
Хорватияға сапарды жоспарлау кезінде Хорватияның ҚР-дағы Елшілігінің сайтында болу тәртібі мен көші қон ережелері туралы ақпаратпен танысыңыз:
Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз.
Сапарға дайындық кезінде сапардың туристік, іскерлік немесе жеке мақсаттарымен Хорватияға барғысы келетін ҚР азаматтарына міндетті түрде өздерімен бірге: жарамды төлқұжат, медициналық сақтандыру, қонақүй мен авиабилеттерді ҚР-ға қайтару керек. Жоғарыда аталған құжаттарды Хорватия ІІМ шекара полициясының қызметкерлері Хорватияның құрлық және әуе шекараларын кесіп өту кезінде тексере алады.
Шетелде болу кезеңінде медициналық сақтандыру полисін сатып алу туралы ойлану керек. Оның болуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Хорватияда болған кезде сізге Хорватия заңы жүретін болғандықтан оны міндетті түрде сақтауыңыз керек. Барған елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.
Есіңізде болсын, хорват тілінде қарапайым сөздерді білгеніңіздің Хорватия жүргенде көмегі тиеді және жергілікті халық оны ұнатады.
Шетелге оқу, жұмыс істеу немесе тұрақты тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алған жөн. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты. Хорватияға оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұру үшін барған Қазақстан азаматтары ҚР Загребтегі Елшілігіне барып, консулдық тіркеуге тұруына кеңес береміз. Консулдық тіркеуге тұру Қазақстанға бармай-ақ көп мәселені шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актісін жазу және т.б.) және барған мемлекетте соғыс, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар болған жағдайда сізді басқа жерге көшіру жеңіл болады.
Ұшақтағы қауіпсіздік талаптарының қатаюы мен жеке заттардың мұқият тексерілетініне байланысты алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін анықтап алыңыз. Қол жүгіңізде тескіш пен кескіш заттарды, қаруға ұқсайтын балалардың ойыншықтары мен басқа заттарды алып жүруге болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Америка мен Еуропа елдерінде қол жүгіне қатысты қарапайым шектеулерден басқа жолаушыларды тексергенге дейін өзіңізбен бірге алып барған және сатып алған сұйық, қоймалжың заттарды алып жүруге шектеу бар.
Әуежайда кедендік декларацияны толтыруды ұмытып кетпеңіз. Алайда есіңізде болсын, әр ел алып кіретін ақшаға шектеуді өзі қояды. Сондықтан алып кіретін ақшаның бір бөлігін банктік карточкамен, жол чекімен және басқа құралдармен алып жүрген жөн. Өткізген жүктің талоны жүк жоғалып қалған жағдайда міндетті түрде керек болатындықтан оны сақтап қою керек. Ұшақтың билетін, паспортты, ақшаны және басқа құнды заттарды өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз дұрыс.
Шет елде паспортық тексеру бекетінен өтер кезде паспортпен бірге сапарыңызға байланысты басқа құжаттардың (баратын адамның/ұйымның шақыруы, қонақ үйдегі брон және т.б.) болғаны жөн.
Шет елге барғанда кездейсоқ адамдардың жүк салмағым асып кетіп тұр деген сылтаумен тексеру бекеттерінен затарды өткізіп беру туралы өтінішін орындамаңыз және танымайтын адамдардан беріп жіберетін зат (хат, жіберілім, жүк және т.б.) алмаңыз, олар есірткіні, жарылғыш құралдарды, улаушы заттар мен қауіпті аурулардың қоздырғыштарын заңсыз тасу үшін құпия жасырғыш ретінде қолданылуы мүмкін.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасаңыз және оларды құжаттардан бөлек ұстаңыз.
Хорватияға келгеннен кейін сізден жеке заттарға, материалдық құралдарға және құжаттарға мұқият қарауыңызды және оларды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Жеке заттар мен құжаттарды жалға алынған көліктерде қалдырмаңыз.
Құжаттарды ұрлау немесе жоғалту жағдайында сіз жақын жердегі полиция бөліміне құжаттарды ұрлау/жоғалту орны бойынша хабарласып, өтініш жазуыңыз керек.
Өтінішті ресімдегеннен кейін сізге Хорватиядағы (Загреб қ.) ҚР Елшілігіне хабарлау немесе болған оқиға туралы электрондық поштаға жазу қажет:
Тел: +385 91 93 1 64 60 (тәулік бойы);
+385 1 483 93 45 (жұмыс уақытында 9:00-ден 18:30-ға дейін);
E-mail: consul.zagreb@mfa.kz
Құжаттар ұрланған/жоғалған жағдайда ҚР-ға оралуға куәлік беру көзделген. ҚР-ға қайтып оралу куәлік жол жүру құжаттары болып табылады және авиабилеттерді сатып алуға, сондай-ақ ҚР-ға кедергісіз оралуға құқық береді.
Қайтаруға арналған куәліктерді ресімдеу тәртібімен осы сілтеме бойынша танысуға болады.
ҚР азаматтарына қаржылық көмек Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында осы сілтеме бойынша орналастырылған ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетіледі.
Qazalem.kz веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек беру үшін SOS батырмасы бар екенін хабарлаймыз.
ҚР азаматтарына ыңғайлы болу үшін шетелге шығатын Қазақстан азаматтары үшін "SmartTravelKZ" мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымшада елдер, өңірлік ерекшеліктер, белгілі бір елдегі мінез-құлық нормалары туралы пайдалы ақпарат, қауіпті жағдайлардағы іс-әрекеттер туралы ұсынымдар, Төтенше жағдайлар туралы ескертулер және шетелдегі азаматтар үшін басқа да қажетті мәліметтер бар. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар шет мемлекеттегі санитарлық-эпидемиологиялық және криминогендік жағдай туралы мәліметтерді таба алады.
Сізге сәт сапар тілейміз!