
ҚР ҚМ МКК деректеріне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-қарашада өзара сауда көлемі 478,1 млн. долларға жетті (экспорт – 466,3 млн., импорт – 11,8 млн.). 2020 жылы Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 332,8 млн. долларға жетті (экспорт-311 млн., импорт-22 млн.).
Хорватияға ҚР экспортының құрылымында мұнай мен мұнай өнімдері (95%) және алюминий басым. Хорватиядан ҚР импортында медициналық препараттар (антибиотиктер), жабдықтар, тамақ өнімдері және т.б. басым, Қазақстанда құрылыс, IT-технологиялар, сауда және қызмет көрсету салаларында 23 Хорват компаниясы табысты жұмыс істеуде.