
Көрнекті қоғам қайраткерлерінің, Хорватияның ғылым, білім және мәдениет өкілдерінің қатысуымен Хорватия-Қазақстан достығы қоғамының қызметі мәдени байланыстарды дамытудың маңызды тетігі болып табылады (қоғам төрағасы – Андрия Карафиллипович).
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұрақты қонағы Хорватия ислам қоғамының президенті, Бас мүфти, доктор Азиз эф. Хасанович болып табылады (2015 және 2018 жылдары қатысқан).
2020 жылы Достық қоғамының көмегімен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың қызметінің бірінші жылының қорытындыларына арналған "Қазақстан: жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы дамудың жаңа кезеңі" тақырыбында дөңгелек үстел; "Қазақстан дәуірлер тоғысында" бейнеконференциясы және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан Елшілігі "Марко Поло" халықаралық мәдениет фестивалінде "Қазақфильм" АҚ студиясында түсірілген режиссер Досхан Жолжақсыновтың "Құнанбай" кинокартинасыны ұсынды. Үш ай бойы Хорват көрермендері фестивальде ұсынылған көркем және деректі фильмдерді онлайн режимінде тегін көре алды.
2021 жылы Достық қоғамы өкілдерінің қатысуымен келесі іс-шаралар өткізілді: "Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары" дөңгелек үстелі; "Хорватия-Қазақстан" достық қоғамының салтанатты жиналысы, марапаттарды тапсыру рәсімі және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған классикалық музыканың камералық концерті; Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және астана күніне арналған дөңгелек үстел; Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің "Хорватия-Қазақстан" достық қоғамының және "Севдах" Босниялық мәдени қоғамының активімен кездесуі. Мәдени байланыстарды дамытуға және Абай мұрасын насихаттауға қосқан жеке үлесі үшін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов ХР экс-президенті Степан Месичке, "Хорватия-Қазақстан" достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилиповичке және "Севдах" Босниялық қоғамының басшысы Ферид Диздаревичке халықаралық құрметті награда – Абай медалін, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшылы мен ақынының 175 жылдығына ТҮРКСОЙ шығарған көркем альбомдарын табыс етті.
Жыл бойы Елшілік суреттер мен фотосуреттердің тақырыптық көрмелерін, кітаптардың тұсаукесерлерін, соның ішінде "Алдар көсе" қазақ ертегілерінің жинағын, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған классикалық музыканың камералық концерттерін өткізді.
Хорватияда фашизмге қарсы соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Қазақстанның жас футболшылары жыл сайынғы "Далматинко Кубогы" халықаралық турнирінде қатысуда