GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Екіжақты ынтымақтастық
Бас Консулдық туралы
Байланыс ақпараты
Консулдық мәселелер
Все материалы
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жаднама
13 октября 2026
Сиань қаласында Қазақстандық студенттермен кездесу өтті

Сиань, 2026 ж. 11 қазан – ҚР Сиань қ. Бас консулдығы 2026 жаңа оқу жылында білім алуға келген қазақстандық оқушылармен және Сиань қаласындағы қазақстандық студенттердің KSAC (Kazakhstan Students Association in China)  бірлестігінің белсенді мүшелерімен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында Бас консул 888 студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған мерейлі 35 жылғы дамуы шеңберінде қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысына тоқталды. Жаңа ғасырда елімізде болашақ зайырлы қоғам тәрбиелеу үрдісіне әр бір азаматтың үлес қосу міндетіне баса мән беріліп отырғандығын, білім-мен ғылымның ерең игерілу қажеттігін алға тартты.  

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың еліміздің ішкі және көпвекторлы сыртқы саясатында халықаралық құқық қағидаттарына сүйену,  мемлекетаралық тепе-теңдік пен диалогқа негізделген дипломатиялық қадамдарының ұтымды жетістіктері жайында түсіндіріп өтті.

Жиын барысында Бас консулдықтың жауапты қызметкерлері студенттерді болу еліндегі заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаудың, консулдық тіркеуге тұрудың маңыздылығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Бас консулдық Сиань қаласында білім алып жатқан ҚР студенттерін KSAC қоғамдық ұйымның басты мақсаты және жасалған шаралармен кеңінен таныстырды. Жиналғандар бірауыздан қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарына қатысып, бірлестіктің белсенді мүшесі болуға қызығушылығын білдірді.

Шетелде білім алушы әрбір қазақстандық жастардың ұйымшылдығын шыңдау мен патриоттық тәрбие беруге, қажетінше бір-біріне әлеуметтік қолдау көрсетуде бұл бастамашыл студенттік ұйымының тиімділігі артып келеді.

Жалпы, Бас консулдық пен КСАК қоғамдық бірлестігі консулдық округке енген барлық өлкелердің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен жыл бойында байланыс жүргізіп келеді. Білім алып жүрген әрбір қазақстандық студенттің білікті мамандық иесі болуына ықпал етіп, түрлі іс-шара мен кездесулерге қатысып, студенттік кезеңін тиімді өткізуіне мейлінше ықпал етіп келеді.

Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жаднама
23 августа 2026
Құрылтай депутаттарының сайлауына қазақстандықтар Сиань қаласында дауыс беруде

Сиань, 2026 жылғы 23 тамыз – Астана уақытымен сағат 4.00-де (жергілікті уақытпен 7.00) Қазақстан Республикасы Сиань қаласындағы Бас консулдығының ғимаратында ашылған №510 сайлау учаскесінде Құрылтайға сайлау науқаны басталды. Қытай жерінде Мемлекеттік Әнұран орындалып, осы өңірде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге кірісті.

Бас консулдық аймағына кіретін Сиань мен Чунцин қалалары, Ганьсу, Сычуань, Шэньси, Хубэй провинциялары мен Нинся-Хуэй автономиялық ауданында тұратын сайлаушыларымыз сайлауға қатысып, өз конституциялық құқықтықтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

№510 сайлау учаскесінде бірінші болып Қытайдың Ғылым және жоғары технологиялық университетінің студенті Нұртуған Асылбеков дауыс берді. Бас консулдық тарапынан қазақстандық жастардың азаматтық белсендігін бағалау мақсатында естелік сыйлықтар ұсынды.

Екіжақты қарым-қатынастар
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
29 июля 2026
Шымкентте қалдықты қайта өңдейтін заманауи кешеннің құрылысы басталды

Шымкентте қатты тұрмыстық қалдықты термиялық түрде өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешеннің құрылысы басталатын жерде капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd компаниясының басшылығы қатысты.

Ауқымды инвестициялық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалдықты басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық инфрақұрылымды дамыту және қалдықты қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жоба қоршаған ортаны қорғауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде іске асырылып отыр.

Кешен жобалық қуаттылығы бойынша тәулігіне 1000 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықты өңдеп, 24 МВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Жобаға құйылатын тікелей инвестиция көлемі шамамен 54 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмысы 2026-2028 жылдар аралығында жүргізілетін жоба аясында кемінде 80 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 Кешен іске қосылғаннан кейін қалдықты көму көлемі едәуір қысқарып, қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктеме азаяды. Сондай-ақ, қалдықты қайта өңдеудің заманауи тәсілдері енгізіліп, қосымша энергетикалық ресурс өндіріледі. Бұдан бөлек, өңдеу нәтижесінде қалған күлден құрылыс материалдарын шығару жоспарланған.

Жобаны іске асырудың басталуы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі болды. 2024 жылы Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы бауырластық байланыстарды дамыту аясында қала әкімі бірқатар өндірістік нысанды аралап, Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Жошыхан Қыраубаевпен бірге әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын.

Кездесулердің қорытындысында осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол Shaanxi Construction Engineering компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Сол жылы қала әкімдігі мен компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен инвестор арасында инвестициялық келісімге қол қойылды.

 
28 июля 2026
Назар аударыңыз! 23 тамызда – Құрылтай депутаттарын сайлау

Құрметті азаматтар!

Еліміздің болашағы үшін маңызды тарихи сәт келіп жетті. 23 тамызда елімізде тұңғыш рет бірпалаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформалардың кезекті және маңызды кезеңі. Президентіміз белгілегендей - біз 1995 жылғы конституциялық үлгіден түбегейлі жаңа жүйеге көшуді бастан кешіп жатырмыз, және бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін жаңартып, ұзақ мерзімді тұрақтылықты нығайтады.

Жаңа Құрылтай – «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын іске асырудың маңызды буыны. Енді барлық 145 депутат тікелей халық тарапынан сайланады, яғни бұрынғыдай Президенттік квота болмайды. Бұл – әрбір сайлаушының дауысы нақты нәтижеге әкелетінін білдіреді.

Президент Қ.К.Тоқаев атап өткендей, біздің мақсатымыз – кәсіби Парламент құру. Құрылтай заң шығару процесін оңтайландырып, бюрократияны азайтып, маңызды шешімдердің тезірек қабылдануына мүмкіндік береді. Бұл – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына, білім сапасына, денсаулық сақтау жүйесіне және еліміздің дамуына тікелей әсер ететін өзгерістер .

Осы сайлауда партиялардың бағдарламаларына назар аударыңыз, өйткені сіз нақты тұлғаға емес, саяси партияға дауыс бересіз. Әрбір дауыс – Қазақстанның болашағын айқындауға қосылған үлес.

23 тамызда – дауыс беруге барыңыз! Сіздің таңдауыңыз – Әділетті Қазақстанның негізі!

22 июля 2026
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауы

«Қазақстан – менің көзіммен» – шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған онлайн сурет салу байқауы.

Байқау қатысушылардың Қазақстан туралы көзқарасын, елге деген сүйіспеншілігін, тарихи-мәдени мұрасын, табиғатын, ұлттық құндылықтарын және болашаққа деген арман-тілектерін шығармашылық тұрғыдан бейнелеуге бағытталған.

Байқаудың негізгі мақсаттары:

- шетелдегі этникалық қазақ балалардың Қазақстанмен рухани байланысын нығайту;

- Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу;

- жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- дарынды этникалық қазақ балаларын анықтау және қолдау көрсету;

- балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі   
  1. Байқауға шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балалары қатыса алады (ұлты қызық шетел азаматы екенін растау үшін өз жұмысымен бірге төл құжатының көшірмесін жіберу міндетті);
  2. Байқауға ұсынылатын сурет «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
  3. Қатысушы жұмысын жіберерде міндетті түрде төмендегі ақпараттармен қоса жіберу керек:

- Өзі туралы ақпарат (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын мектебі мен сыныбы, байланыс нөмері);

- Өзін таныстыру, салған суретін түсіндіру мақсатында ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнежазба;

-Суретті өзі салғанын растау үшін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын сурет салу процессінен бейнежазба және байқау тақырыбынан бөлек басқа да бірнеше туындыларын қосып жіберу керек.

  1. Жұмыстар 2026 жыл 28 тамызға дейін oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады

III. Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар

  1. Байқауға қағазға салынған суреттердің электрондық нұсқасы қабылданады.
  2. Қатысушылар келесі құралдарды пайдалана алады:

 қарындаш;

 түрлі-түсті қарындаш;

фломастер;

 акварель бояулары;

 гуашь;

 майлы бояулар;

пастель;

 көмір;

маркер;

 акрил бояулары;

 гельді қаламдар және басқа да көркем сурет салу құралдары.

  1. Суреттер келесі тақырыптарды қамтуы мүмкін:

 Қазақстанның табиғаты;

 тарихи және мәдени ескерткіштер;

 ұлттық салт-дәстүрлер;

қазақ халқының тұрмысы;

 ұлттық мерекелер;

Қазақстанның көрікті жерлері;

болашақтағы Қазақстан туралы арман-тілектер.

  1. Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.
  2. Байқауға тек авторлық жұмыстар қабылданады.
  3. Жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген суреттер қабылданбайды.
  4. Қатысушы байқауға ұсынған жұмысын ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерінде және көрмелерде көрсетуге келісім береді.
  5. Жұмыстар JPEG, JPG, PNG немесе PDF форматында қабылданады.
  6. Бағалау критерийлері
  7. Тақырыпқа сәйкестік

Жұмыстың «Қазақстан – менің көзіммен» тақырыбын қаншалықты толық және мазмұнды ашқаны бағаланады.

  1. Шығармашылық көзқарас

Қатысушының идеясының ерекшелігі, қиялы мен шығармашылық шешімдері бағаланады.

  1. Көркемдік шеберлік

Сурет салу техникасы, композициясы, түстер үйлесімі, пропорция және жалпы орындау сапасы бағаланады.

  1. Ұлттық мазмұн

Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты және ұлттық құндылықтарының көркем бейнелену деңгейі ескеріледі.

  1. Эмоционалдық әсер

Жұмыстың көрерменге әсері, автордың сезімі мен ойын жеткізу деңгейі бағаланады.

  1. Байқау мерзімі

Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 17 маусымнан бастап

28 тамызға дейін қабылданады.

  1. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталады.

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

I орын – Ноутбук;

II орын – Планшет;

III орын – Смарт сағат.

Ынтыландыру сыйлықтары – «Бестемше» ойыны.

Үздік жұмыстар ұйымдастырушылардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады және онлайн көрмеге ұсынылады. Сонымен қатар, үздік деп танылған 10 қатысушы қажет болған жағдайда жұмысын өз қаражаты есебінен «Отандастар қоры» КеАҚ-на жіберу қажет

Екіжақты қарым-қатынастар
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
17 июля 2026
Алматы-Сиань роуд-шоуы: туризм және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Сиань, 2026 жылғы 16 шілде. ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен FlyArystan мен Visit Almaty(Алматы қаласы Туризм басқармасы) бірлесіп Алматы - Сиань қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасына арналған роуд-шоу өткізді. Іс-шараға қытайлық туристік компаниялар, БАҚ және салалық ұйымдар, сондай-ақ авиакомпанияның өкілдері, Алматы туризм басқармасы және еліміздің жетекші туроператорларынан құралған қазақстандық делегация қатысты.

Роуд-шоу барысында FlyArystan Алматы – Сиань бағытының кестесі мен артықшылықтарын, ал Visit Almaty қаланың туристік әлеуетін ұсынды. Қазақстандық компаниялар қытайлық әріптестерін ҚХР-дан келетін қонақтарды қабылдауға дайын туристік өнімдермен таныстырды. Іскерлік бөлім B2B кездесулерімен аяқталып, онда бағытты бірлесіп ілгерілету, жаңа турпакеттер және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
24 июня 2026
Сиань қаласындағы мәдени-гуманитарлық алмасулар қазақ-қытай өңіраралық ынтымақтастығын кеңейтеді

Сиань, 2026 жылдың 24 маусым - Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы Сиань кәсіптік-техникалық колледжі ұйымдастыруымен өткен Қытайдың шет елдермен халықаралық мәдени-гуманитарлық алмасу іс-шарасына белсенді қатысты. Салтанатты қорытынды конференция барысында қазақстандық Еуразия Инновациялық университеті (Павлодар қ.) мен Қазақстан-Ресей медицина университетінің (Алматы қ.) студенттеріне Сиань қ. «Қытай тілі мен кәсіби дағдыларды оқыту орталығы» базасында 10 күндік тағылымдаманы аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Анықтама: Сиань кәсіптік-техникалық колледжі – Сианьның Халықтық үкіметі құрған және Шэньси провинциясының Халықтық үкіметі бекіткен мемлекеттік оқу орны. Колледж Ғылым мен технологиялар инновациялық орталығында, Fortune 500 тізіміне кіретін көптеген жоғары технологиялық кәсіпорындар мен компаниялармен әрекеттеседі. Бұл колледж бен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа және ресурстарды бірлесіп пайдалануға кең мүмкіндіктер туғызады. Колледж құрамында 12 оқу институты бар, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер саны – 645 адам, студенттер саны – 12 мың адам.

Ресми іс-шараға «Орталық Азия – Қытай» форматы Хатшылығының, ҚХР Білім министрлігі жанындағы Халықаралық тілдік ынтымақтастық және алмасу департаментінің, Сиань қалалық Халықтық үкіметінің Сыртқы істер және білім басқармасының өкілдері қатысты.

Бұл шара өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың көрнекті үлгісіне айналды. Сиань қаласындағы оқу орындарының қазақстандық студенттерге арналған «Қытай тілі + кәсіп» бағдарламасын жүзеге асыруы 2025 ж. маусымда Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінің қорытындысы негізінде білім саласындағы мамандардың өзара алмасуы және ынтымақтастық орталығын құру туралы келісімдері аясында мүмкін болды. Бұл қабылданған шешімдер кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу арқылы ортақ ғылыми-білім беру платформасын қалыптастыруға себеп болды.

Осы мәдени-гуманитарлық алмасу алаңында, қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы бірқатар түсініктеме беріп, бағдарламаны жүргізудегі қазақстандық студенттердің рөлі жайына назар аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын жан-жақты қолдауға, олардың қоғамдағы беделін арттыруға және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарламалар қабылданғаны жайында атап өтті.

Қатысушылар Президент Қ.Тоқаевтың жүйелі реформалары негізінде халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуда институционалдық платформа құрылғанын ерекше құптады. Нәтижесінде қазақстандық студенттер бірегей кәсіби біліктілігін шыңдауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кең көлемде мүмкіндік алып, осындай халықаралық деңгейде практикалық кәсіби тәжірибе алмасуына қатысып, мемлекетаралық экономикалық және әлеуметтік қатынастардың жаңа белестеріне көтерілуіне негіз болатынына сенім білдірді.

Екіжақты қарым-қатынастар
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
15 июня 2026
Түркістан облысы әкімнің Хубэй өңіріне жұмыс сапары

Ухань, 2026 жылғы 10 мамыр – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының  қолдауымен Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров бастаған іскерлік делегацияның Хубэй провинциясына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапар барысында Нұралхан Көшеров Хубэй провинциясы губернаторы Ли Дяньсюньмен ресми кездесу өткізді. Кездесуде екі өңір арасында қалыптасқан серіктестік қатынастар негізінде өзара инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Хубэй провинциясының губернаторы Ли Дяньсюнь өңірлер арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізіп, ғылым, технология және инновация салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына мән берді. Кездесу барысында екі тараптың экономикалық мүмкіндіктерін ескеріп, серіктестікті арттырудың нақты бағыттарын айқындап, келісілген жобаларға серпін беруге келісті.

Сонымен қатар, Ухань қаласының ірі қаржы қоры «Wuhan Financial Holdings (Group)» партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен инвестициялық жобаларды төмен пайызбен қаржыландыру жөнінде  келіссөз өткізілді.

Сапар шеңберінде Хубэй өлкесінің кәсіпкерлер ұйымы «Hanya International Holdings» компаниясының құрылтайшысы Хуан Чжаомен және 50-ден аса компания акционерлерімен кездесулер өткізді. Бүгінге дейін анықталған жобалар мен жаңа ұсыныстар бойынша келіссөздер өтті. Іскерлік кездесуде, Түркістан облысының туристік әлеуеті де таныстырылды. Облыс басшысы әлемдік маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысаны – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтіп, қытайлық туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар атап өтілді.

Сапар нәтижесі бойынша Түркістан облысы әкімдігі мен Бас консулдық келісілген жобаларды өзара ынталандыру жұмыстарын ұдайы жүргізуге уағдаласты.    

 

Екіжақты қарым-қатынастар
Шарттық-құқықтық база
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
28 мая 2026
Сиань қаласында сертификаттау мәселесі бойынша кездесу өтті

Сиань, 2026 жылдың 26 мамыр - Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің («Қазстандарт») Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Г.Б. Яшкина бастаған делегациясының Қытай сапа сертификаттау орталығының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Бинь Цзинмен кездесуін ұйымдастырды.

Анықтама: Қытай сапа сертификаттау орталығы (China Quality Certification Centre, CQC) – Қытай Халық Республикасының сертификаттау, техникалық сынақтар және ұлттық және халықаралық стандарттарды әзірлеу саласында кешенді қызметтер көрсетуге маманданған жетекші мемлекеттік ұйымы. Орталық Қытайдың міндетті сертификаттау (CCC) нарығында басым орынға ие, үлесі шамамен 66% құрайды. Қазіргі уақытта CQC тізілімінде 380 мыңнан астам қолданыстағы CCC сертификаттары тіркелген.

Кездесу барысында CQC өкілдері жаһандық сапаны қамтамасыз ету жүйесіне терең интеграциямен сипатталатын халықаралық қызмет тәжірибесімен таныстырды. Жалпы, орталықтың IECEE-CB, IECRE, IECEx және IQNet-ке мүшелікті қоса алғанда, 30-дан астам халықаралық біліктілігі бар. Ұйым 27 елдегі 59 техникалық институтпен серіктестік қатынастарды қолдайды және 15 халықаралық стандарттау ұйымының белсенді қатысушысы болып табылады, бұл CQC клиенттеріне сынақ нәтижелерін жаһандық деңгейде тани отырып, шетел нарықтарына тиімді шығуға мүмкіндік береді.

Ұйым электроника, тұрмыстық техника, автокөлік, ойыншықтар және құрылыс материалдары сияқты тауарлардың кең тізіміне міндетті және ерікті сертификаттау бойынша өз қызметтерін ұсынды. Өз қызметінде компания экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударады: Орталық өнімді энергия үнемдеу, су үнемдеу және зиянды заттардың құрамын шектеу (RoHS) стандарттарына сәйкестігіне сертификаттайды. Электромобильдерді зарядтау инфрақұрылымы, деректерді өңдеу орталықтары және энергия сақтау жүйелері үшін арнайы шешімдерді ұсына алады. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі жаһандық стратегия аясында ұйым кәсіпорындарға экологиялық әсерді барынша азайтуға көмектесетін «жасыл» және «ақылды» өндірісті бағалау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

Кездесуде Бас консулдық өзара сұранысқа ие азық-түлік тауарларының белгілі бір тізбесіне ортақ стандарттарды енгізу механизмін қарастыруды ұсынды. Қосарлы сауданың даму перспективаларын ескере отырып, өзара ынтымақтастықты үйлестіру үшін жас кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын ұсыну мүмкіндігіне көңіл бөлінді.

Келіссөздер барысында тараптар тәжірибе алмасу бөлігінде бірлесіп ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді. Қазақстан аумағында метрологиялық зертханаларды құру және жаңғырту, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені өнімдерін сертификаттау мәселелеріне айтарлықтай назар аударылды.

Екіжақты қарым-қатынастар
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
22 мая 2026
Шымкент қ. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Солтүстік-батыс саяси ғылымдар және құқық университеті басшылығымен кездесу

Cиань, 2026 жылғы 21 мамыр – ҚХР Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен ҚХР Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің басшылығы арасында кездесу өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ректоры Д.Ахмед-Заки және ҚХР Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің ректоры Фань Цзюли қоғамға тиімді академиялық ынтымақтастықты дамытып, кәсіпкерлік пен іскерлік ортаның дамуына білікті маман дайындау, экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жоспарын талқылады.

Өз тарапынан, Бас консул Ж.Қыраубаев екі университеттің арасындағы келісімдерге барынша қолқабыс көрсетуге дайындығын атап өтіп, бірқатар ұсыныстарын енгізді.

Тараптар жаңа оқу жылына талқыланған жоспарларды іске асыруға келісті.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары