
«Отандастар қоры» КеАҚ 2025 жылдың наурыз айынан бастап шетелдегі отандастарға арналған онлайн форматтағы қазақ тілі курсын ұйымдастырады. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ тілі ағылшын және орыс тілді аудиторияларға үйретіледі, сабақ кестесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі отандастарымызға ыңғайлы уақыттарға қойылады.
Сонымен қатар, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына қарасты Абай институтының қазақ тілін өз бетімен үйренушілерге арналған мобильді қосымшасы бірнеше тілде пайдалануға қолжетімді екенін хабарлаймыз. Қосымшада тіл үйренушінің деңгейін анықтау тесттері А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған әдістемелік құралдар, басқа да тіл үйренуге арналған материалдар, бейне сабақтар мен роликтер қамтылған. «Абай институты» қосымшасы арқылы қазақ елінің көрікті жерлері, туристік әлеуеті туралы ақпараттар алуға және App Store, Play market арқылы жүктеп алуға болады.
Бұдан басқа, ҰБТ-ға қосымша дайындалуға және Қазақстанның мектеп бағдарламасын онлайн үйренуге мүмкіндік беретін «Bilimland» платформасына тіркеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Аталған платформаны қолдануға өтініш білдірушілер болса тізімін info@oq.gov.kz поштасына жіберулеріне болады.
Қазақ тілі курсына қатысты сұрақтар болған жағдайда «Отандастар қоры» КеАҚ консультанты Талғат Кенжебекұлына (тел.: + 7 708 923 41 64) хабарласуға болады.
Онлайн тегін қазақ тілі курсына тіркелу ашық
Регистрация на бесплатный онлайн-курс казахского языка открыта
https://oq.gov.kz/ru/news/1220
Registration for the free online Kazakh language course is open.
https://oq.gov.kz/en/news/1220
Абай институты