Отандық электр автомобильдер өндірісін дамыту перспективалары талқыланды

Отандық электр автомобильдер өндірісін дамыту  перспективалары талқыланды

Сиань, 2024 жылғы 30 қыркүйек – ҚР Сиань қ. Бас консулы Жошыхан Қыраубаев «Junyao Automobile» компаниясының басшылығымен кездесіп, Қазақстанның автомобиль өндірісіне инвестиция салу және өндірістік кооперация орнату мүмкіндіктерін талқылады. Компанияның жаңа энергетика көліктерін құрастыру мен аккумуляторлық батареяларды шығару процесстері мен дайын өнімдері шетелдік нарыққа шығару жоспарымен танысты.

Қытайлық кәсіпорын басшылығы өздерінің заманауи жасанды интеллект тұжырымдамалық шешімдерін электромобильдер шығаруда пайдалануын, «жасыл» энергия саласындағы жобаларды іске асырып жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында, тараптар өңіраралық ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, экономикалық жобаларды іске асырумен қатар, жеке және орта бизнес деңгейінде жергілікті үкімет пен қаржы көздерінен көрсетілетін қолдау амалдарын талқылады.

Бас консул Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ҚР Үкіметі қабылдаған заң қағидаларымен, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырып, екі елдің іскер топтары арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту әлеуеті туралы пікірімен бөлісті. Компанияға Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму бағытында жүргізіліп жатқан реформалар мен негізгі жұмыс басымдықтарын жан-жақты таныстырды.

Еліміздің географиялық және Кеден одағындағы экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін негіздей отырып, «Junyao Automobile» компаниясының өз электромобильдерін Қазақстан аумағында жергілікті брендпен шығаруы, саяси экономикалық жақтан  көліктердің сатылым мүмкіндігін кеңейтетініне баса назар аударды. Компания басшылығы бұл ұсыныстың тиімділігін мойындайтынын және өндірісті ашу мүмкіндігін қарастыруға мүделі екендігін жасырмады.

Іс-шара шеңберінде тараптар кездесу нәтижесі бойынша Бас консулдықтың ұйымдастыруымен «Junyao Automobile» компаниясының сарапшы тобын Қазақстанның бірқатар өңірлеріне жұмыс сапарларын жақын арада ұйымдастыруға келісті.