Сианьда қазақ киносының күндері өтті

Сианьда қазақ киносының күндері өтті

Сиань, 2024 жылғы 25 қыркүйек – ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен 11-ші «Жібек жолы» Халықаралық кинофестивалі аясында отандық кино өндірісінің көрнекті туындысы «Паралимпиадашы» фильмі қала жұртшылығының назарына ұсынылды.

Кино қойылымы Сиань қаласының орталық кино залында Шэньси провинциясының Халықтық үкіметі (Мәдениет және туризм департаменті мен Сыртқы істер басқамасы), ҚХР кинематография істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен Қытай медиакорпорациясы, Сиань қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпусы, «Қытай – Орта Азия» форматы Хатшылығының өкілдері, қазақстандық студенттер, БАҚ, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қазақ ирредентасының қатысуымен ұйымдастырылды.

Кино қойылымының құрметті қонағы ретінде қазақстандық «Паралимпиадашы» фильмі идеясының авторы, сценаристі және режиссері А.Байрақымов пен оның түсіру бригадасы шақырылды.

ҚР Сиань қаласындағы Бас консулы Ж.Қыраубаев мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, әсіресе кинематография саласындағы байланыстарды одан әрі кеңейту мемлекетаралық алмасудың және өзара түсіністігін арттыра түсетінін атап өтті. Қазақстан киносы өндірісінің көрші елдерде танымалдығы артып, сұранысқа ие болып келе жатқанын мәлімдеді. Фильм мазмұнының тереңдігі адамзатқа қатысты мәселелердің баршаға ортақ екенін философиялық тұрғыдан шебер көрсетілгенін жоғары бағалады.   

Фильмді тамашалауда режиссер мен актерлердің тартымды жұмысын атап өткен қытайлық көрермендер отандық басқа да туындылардың жиі қойылуына үлкен қызығушылық танытты. Іс-шара аясында «Astana film» АҚ мен «Xi'an Wuyi times Culture Media Co. Ltd» Қытай медиакорпорациясы «Фильмдер мен анимацияларды бірлесіп түсіру мен көрерменге тарату ниеті туралы Меморандумға» қол қойды.