Шымкент және Сиань: бауырластық қатынастың жылдық нәтижелері түйінделді

Шымкент және Сиань: бауырластық қатынастың  жылдық нәтижелері түйінделді

Сиань, 2024 жылғы 23-25 маусым - Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауымен Шымкент пен Сиань қалаларының өзара бауырлас қатынастар орнағанына бір жыл толуы негіздемесінде Шымкент қаласы әкімі Ғ.Сыздықбеков бастаған ресми және іскерлік делегацияның сапары өтті.

Әкім Ғ.Сыздықбековтің Сиань қалалық партком хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесуі барысында түрлі салалардағы екі жақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсаттағы нақты бастамалары талқыланды. Атап айтқанда, баламалы энергия көздерін дамыту бағытында Шымкент қаласына күн электр станцияларын салу және көлік-логистика инвестициялық, жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу жобаларын пысықтау ұсынылды. Ү.ж. күзінде Шымкентте қалалардың бизнес-қоғамдастығы өкілдері қатысуымен ауқымды форум өткізу көзделді.

Құрлық, әуе және цифрлы Жібек жолын құру шеңберінде «Қытай-Еуропа» жүк пойызы, Сиань әуежайы мен Шымкенттің SCAT авиакомпаниясы мүмкіншіліктерін толық пайдалана отырып, логистикалық түйіндерді жасақтауға, әуе маршруттарын тығыздауға, цифрлық технологиялар саласындағы алмасу мен ынтымақтастықты тереңдету турал талқыланды. Сонымен қатар, тараптар ғылым, білім беру, медицина, мәдениет және туризм салаларында алмасу мен ынтымақтастықты нығайту ниеттерін қолдады.

Бас консулдықтың ғимаратында Сиань және Шымкент қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумына әр саладағы (денсаулық сақтау, IT, металлургия, электр жабдықтарын, құрылыс материалдарын, тамақ және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т.б.) қазақстандық 20-ға жуық компаниясы мен қытайлық 40-тан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулері өтті.

Форум мен өзара кездесулердің қорытындысы бойынша метталургия, қоғамдық тамақтану салаларында бірқатар құжаттарға, сондай-ақ өсімдік майын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойылды.

Сапар шеңберінде делегация Халықаралық сауда және логистикалық парк, «Қазақстан-Қытай сауда-логистикалық парк» ЖШС-нің қызметімен, Орталық Азия саябағы мәдени орталығы, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты, экономикадық және технологиялық, сондай-ақ индустриалдық аймақтары нысандарының жұмыстарымен танысты. Танысқан жобаларды Шымкент қаласы аумағында іске асыру үшін, қытайлық кәсіпкер құрылтайшыларды сапармен келуге шақырды. Қазір Бас консулдық пен Шымкент әкімдігі бизнес делегацияларды ұйымдастыру жұмысына кірісіп кетті.