Сиань қаласында Орталық Азия елдері халықтарының мәдени орталығы мен саябағы ашылды

Сиань қаласында Орталық Азия елдері халықтарының  мәдени орталығы мен саябағы ашылды

Сиань, 2024 жылғы  19 мамыр – Сиань қаласында «Орталық Азия - Қытай» саммитінің бір жылдық мерейтойына арналған семинар өтіп, оған Шэньси провинциясы губернаторының орынбасары Чэнь Чуньцзян, Сиань қаласы әкімінің орынбасары Лу Лайшэн, «Орталық Азия - Қытай» форумы хатшылығының атқарушы директоры У Инцинь, ҚХР-дағы Орталық Азия елдері елшіліктерінің қызметкерлері қатысты. Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев өкілдік етті.

Сонымен қатар, осы іс-шара шеңберінде саммиттің мерейтойына орай Сиань қаласы парткомының хатшысы Фан Хунвэй мырза және қала мэрі Е Нюпин Орталық Азия елдері халықтарының саябағы мен мәдени орталығының ашлуына қатысты. Мәдени орталығы ғимаратында ОА мемлекеттерінің отандық өнімдерінің дүкені ашылып, Орталық Азия халықтарының ұлттық тағамдарының алғашқы рестораны өз жұмысын бастады.

Өз сөзінде Ж.Қыраубаев саммиттің өткен қысқа мерзімі ішінде мемлекет көшбасшыларының қол жеткізген уағдаластықтары жоспарлы түрде іске асырылып, оң нәтижелер көрсетіп отырғанын атап өтті. Өз кезегінде, қатысушыларды транзиттік-логистикалық, ауыл шаруашылық, мәдени-гуманитарлық бағыттағы нақты іске асырылып жатқан жобалар туралы таныстырды.

Сондай-ақ, қатысушылардың назары инвестициялар мен бәсекеге қабілетті бағыттар бойынша білімді жинақтауда, өндірісті дамытуда және қажетті кадрларды даярлауда орасан зор мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында Сиань қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ресми түрде ашылғаны атап өтілді. Қазақстан Ұлы Жібек жолының бастауында осы өңірдегі ТМД Достастығы елдері арасында өзінің дипломатиялық өкілдігін алғаш рет аккредиттеген алғашқы мемлекет болды.

Соңында Ж.Қыраубаев іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Хатшылық жұмысының мақсаттары мен міндеттері осы форумға мүше барлық елдердің ортақ экономикалық мүдделеріне қызмет ететініне сенім білдірді.