
Сиань, 2024 жылғы 1 наурыз – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясының білім беру комитетінің Партком секретарі Лю Цзяньлиньмен кездесті.
Кездесу барысында Бас консул қытай тарапын ҚР Үкіметі білім беру саласында жүргізіп жатқан ағымдағы реформалар, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басымдықтарымен таныстырды.
Тараптар білім беру саласына бөлінетін оқу гранттарының еркшелігі мен грант бөлуде заманауи технологиялық бағыттарға мұқият көңіл аудару қажеттігін құптады. Сонымен қатар, тараптар Шэньси провинциясының алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орындарының Қазақстан аумағында біріккен филиалдарын ашу мүмкіндігін талқылады.
Чанъань университетінің филиалын Алматы облысында ашу туралы Бас консулдықтың ұсынысын Шэньси провинциясы басшылығының қарауына енгізу келісілді.
Кездесу нәтижесі бойынша, Чанъань университеті басшылығының Қазақстанға алдын ала сапарын ұйымдастыру қажеттілігі қарастырылды.
Кездесу соңында Қазақстан мен Шэньси провинциясы арасында білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуді уағдаласты.