Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Қытайдың Шэньси өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасы басшылығымен кездесті

Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Қытайдың Шэньси өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасы басшылығымен кездесті

Сиань қ., 2024 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының жаңадан сайланған төрағасы Цзя Чжэнланьмен кездесті.

Кездесу барасында, тараптар Қазақстан мен Шэньси өлкесі  арасындағы әртарапты ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, экономикалық жобаларды іске асыру мен қатар жеке және орта бизнес деңгейінде өзара сенімділікті арттыру амалдарын талқылады.

Тараптар өткен 2023 жылы Қазақстанның Орта Азия мемлекеттері арасынан тұңғыш Шэньси өлкесінде өзінің дипломатиялық өкілдігін ашуын екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің айқын нышаны екендігін ризашылықпен атап өтті. Бірге ұйымдастырылған іс-шараларды жоғары бағалай келе, алдағы жылда  да тығыз жұмыс жасауға ортақ мүдделілік білдірді.

Қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ілгерілетуде көршілес Орта Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның орнын ерекше қарайтындығы атап өтілді. Шэньси өлкесі Сиань қаласында Қазақстанның Сауда-логистикалық Орталығының ашылуы экономикалық тиімділікті арттыратынына сенім білдірілді.

Талқыланған барлық мәселелер шеңберінде Бас консулдық пен Шэньси өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасы тығыз жұмыс байланыстарын өзара жоспарлы түрде жүргізуге келісті.