Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Ганьсу провинциясына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Ганьсу провинциясына жұмыс сапарымен барды

Сиань қ., 2023 жылғы 20-22 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Бас консулы Жошыхан Қыраубаев провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Ганьсу өлкесінің КПК тұрақты комитетінің мүшесі және Губернатордың орынбасары Чжан Цзиньганмен кездесіп, өз құзыреті шеңберінде екіжақты қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруды  ілгерілетуге, 2024 ж. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланғанын ескере отырып, өзара мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға келісті.

Кездесуде мемлекетаралық сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, мұнай-газ, химия, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы ЖОО білім беру және туризм саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ҚР Үкіметі қабылдаған заң қағидаларымен, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырып, екі елдің іскер топтары арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту әлеуеті талқыланды.  

Ланчжоу университетінде қазақстандық студенттермен кездесу ұйымдастырылып, жаңа оқу жылында келген азамат/ша/ларды болу елінің заң қағидаларымен таныстырып, консулдық есепке алынды.

Сапарды Ақсай Қазақ автономиялық ауданымен жалғастырып, ауданда тұратын 3315 этникалық қазақтардың  жалпы экономикалық, қоғамдық тұрмысымен таныстым.

Ақсайлық қандастардың атынан 2024 жылы Ақсай қазақ автономды ауданының құрылғанына 70 жыл толу мерейтойына Қазақстан Республикасы үкімет тарапынан көңіл аударылып, жоғары деңгейлі ресми делегацияны жіберу туралы өтініш білдірілді.  

Сапардың қорытындысы бойынша талқыланған барлық мәселелер шеңберінде Бас консулдық пен Ганьсу өлкесі арасында тығыз жұмыс байланыстарын өзара жоспарлы түрде жүргізуге келісілді.