Бас консул Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Бас консул Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Ү.ж. 22-24 қыркүйек аралығында Сиань қ. ҚХР Коммерция және Сыртқы істер министрлігі мен Шэньси провинциясының Сиань қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Еуразиялық экономикалық форум өтті. Форум шеңберінде, отандық өндірушілер көрмеде өз өнімдерін таныстырып, қытайлық әріптестерімен ортақ жобаларды іске асыруға келісті.

Форумға шақырылған Қазақстан тарапының өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде, ү.ж. қыркүйекте ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауының мақсатымен қатысушыларды қысқаша таныстырып өтті. ҚР Үкіметі қабылдаған заң қағидаларымен, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырып, екі ел арасында қалыптасқан сауда-экономикалық және саяси серіктестіктің  жаңа деңгейіне тоқталды.

Форумда саяси басшылық пен бизнес өкілдерінің назарына Бас консулдық пен үш жақты орта және шағын бизнесті дамытуға бағытталған арнайы платформа құруды ұсынып, пікірі жиналғандардың құптауына ие болды.

Іс-шарада барысында Шэньси өлкесінің партком секретарі Чжао Идэ, Шэньси өлкесінің губернаторы Чжао Ган,  Сиань қалалық партия комитетінің хатшысы Фан Хунвэй және Сиань қаласының әкімі Е Нюпин Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты саяси-экономикалық бағыттарды одан әрі еселей дамытуға мүдделі екендіктерін атап өтті.