Корея Республикасының Сиань қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулымен ресми кездесуі өтті

Корея Республикасының Сиань қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулымен ресми кездесуі өтті

Ү.ж. 12 қыркүйегінде Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығының ғимаратында Корея Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Хун Сунчань мырза жылы қабылданды.

Кездесу барысында тараптар болу елінде жұмыс тәжірибесімен және пікірлерімен алмасты.

Бас консул сұхбаттасушыны ҚР Бас консулдығының жұмысымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралармен егжей-тегжейлі таныстырып, сондай-ақ консулдық округтің іскер топтары арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту әлеуеті туралы пікірімен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша кездесу барысында белгіленген барлық мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.