
2023 жылғы 17-20 тамыз аралығында Сиань қаласында 8-ші Халықаралық туристік көрмесі «Сиань Жібек жолы 2023» (Xi ' an Silk Road International Tourism Expo 2023) өтуде.
Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы мен Kazakh Tourism тығыз ынтымақтастығы негізінде ұлттық павильон ұйымдастырылып, көрмеге келушілер қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырылды. Kazakh Tourism бастаған ұлттық павильонда еліміздің туристік әлеуетін 6 туроператор – Empire Travel Qazaqstan, Kazakhstan Travel Hub, Panda Travel, Sky Way Ltd, Tumar Trans және Turan Asia насихаттауда.
Іс-шара барысында қытайлық туроператорлармен әріптестік байланыс орнату мақсатында В2В келіссөздер ұйымдастырылды. Сиань қаласында мұндай халықаралық деңгейдегі туризм саласындағы көрме Қытайдағы карантиндік шаралар әлсірегеннен кейін бірінші болып өтуде.
Іс-шара қорытындысы бойынша, Қытайдың туристік компаниялары қазақстандық туроператорлармен тығыз ынтымақтастық орнатуға ынтасын танытып, ал павильонға келушілер елдің экотуризміне шынайы қызығушылығын білдірді.