Бас консулдың Янлин демонстрациялық аймағы басқару комитетінің Секретарымен ресми кездесуі өтті

Бас консулдың Янлин демонстрациялық аймағы басқару комитетінің Секретарымен ресми кездесуі өтті

Ү.ж. 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясының Янлин демонстрациялық аймағы басқару комитетінің Секретары Хуан Сыгуанмен кездесу өткізді.

Хуан Сыгуан Бас консулдың Янлин қаласына келуін қарсы алып,  аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуымен жан-жақты таныстырды. Кездесу барысында Қазақстанның ауыл шаруашылық зерттеу қожалықтары мен Янлиннің ғылыми-зеттеру орталықтары арасында ертеден қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен мал, құс өсіру, көкөніс жеке шаруа қожалықтарына ғылыми тұрғыдан мейлінше көмек көрсету мүмкіндігі талқыланды. Қазіргі уақытта, Янлинг аймағы Қазақстанмен бірлескен 4 ауылшаруашылық зерттеу орталығын (Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау қаласында) құрып, өз деңгейінде жұмыс жүргізіп жатқандығына назар аударды.

Бас консул өз кезегінде, Қазақстанда ірі қара, қой, құс пен балық, бидай шаруашылығына инвестиция құйып, оны өңдеу арқылы дайын өнімді Қытайдың ішкі нарығына шығару мәселесін қарастыруды ұсынды. Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ҚР Үкіметі қабылдаған заң қағидаларымен, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырып, екі елдің іскер топтары арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамыту әлеуеті туралы түсіндірме ақпаратпен бөлісті.

Хуан Сыгуан ұысыныстарды зерделеп, Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологияларын, ШЫҰ біріккен ауыл шаруашылығы базаларын салу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, тараптардың өзара білім беру, кадр дайындау, гуманитарлық және жергілікті ғылыми жетістіктермен алмасулар бағытында серіктестіктігін кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Ол өз сөзінде, ү.ж. 19-23 қыркүйек аралығында «30-шы  Янлин ауылшаруашылық жоғары жаңа технологиялық жетістіктер» атты көрмеге (Янлин ауылшаруашылық көрмесі) және Қытай – Орта Азия мемлекеттерінің Ауыл шаруашылық министрліктері басшылары деңгейінде жоспарланған форум өтетіндігін және қазақстандық өкілдерді жоғары деңгейде қатысуға шақырды. 

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту мақсатында Бас консулдық пен Янлин аймағы арасында өзара тұрақты жұмыс байланыстарын жүргізуге келісті.