
Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Сиань медициналық институтының партия комитетінің хатшысы Лю Линмен кездесті.
Кездесуде Сиань медициналық институтының даму тарихының жалпы жағдайымен, оқу процестерін басқару үлгісімен, маман даярлау бағыттарымен және халықаралық серіктестік қатынастарымен таныстырды.
Лю Лин Қытай мен Қазақстанды тау мен өзен байланыстыратын, тағдыры ортақ тату көршілер екенін айта келе, осыдан 31 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнағалы бері екіжақты қарым-қатынас тату көршілік пен достық қатынастарға бағытталған өзара тиімділік пен айқын нәтиженің үлгісіне айналып, «тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестіктің» жаңа биігіне көтерілгенін атап өтті.
Сиань медициналық университеті басшылығы Қазақстанның медициналық оқу орындарымен оқушы және тәжірибе алмасу, біріккен бағыттарда ғылыми жобарларды зеттеуге, ғылыми ынтымақтастықты тереңдету, стратегиялық әріптестікке үлес қосуға ниетті екенін жеткізді.
Бас консул Сиань медициналық университеті ұжымына шын жүректен жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, университеттің білім беру моделінің жоғары екендігін атап өтіп, Қазақстанның медициналық мекемелері мен жоғары оқу орындары арасында әріптестік орнатуға күш салатынын айтты.
Болашақта екі жақты оқытушылар мен студенттермен алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, бірлескен диагностика және емдеу және халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізілуі жоспарлануда.
Атап өту қажет, Бас консулдықтың ұйымдастыруымен Сиань медициналық университеті мен Шымкент қаласының медициналық университеті арасында өзара серіктестік орнату туралы алғашқы келісімге ү.ж. шілде айында қол қойылды.