
Қазақстан Республикасының қаласындағы Бас консулы Ж.Қыраубаев Қытайдың Сиань қаласының Халықаралық сауданы ынталандыру комитетінің төрағасы Чжан Хунбинмен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Сиань қаласында ашқан Бас консулдығы Қытай еліндегі үшінші, ал Орта Азия мемлекеттерінің арасында Қытайдың ежелгі Жібек Жолы бастауындағы ашылған алғашқы дипломатиялық өкілдігі және бұл әріптестіктің жаңа қадамы екендігін атап өтті.
Өз сөзінде, Халықаралық сауданы ынталандыру қауымдастығының төрағасы соңғы жылдары Сиань мен Қазақстан арасындағы әртарапты ынтымақтастық пен серіктестік барған сайын тығыз дамып, экономикалық жобаларды іске асыру мен әр түрлі салаларда жан-жақты қызмет байланысы еселеп келе жатқандығына тоқталды.
Сондай-ақ, екі жақты экономикалық және сауда байланыстарын орнату, түрлі саладағы орта және жеке кәсіпкерлік деңгейіндегі жобаларды жүзеге асыру, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп дамытуға ықпал ету секілді мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар жобарлар бойынша тығыз ақпарат алмасып, кәсіпкерлік тараптарды мейлінше ынталандыруға уағдаласты.