Шымкент қаласы әкімдігінің делегаттары Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізді

Шымкент қаласы әкімдігінің делегаттары Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізді

Ү.ж. шілденің 4-7 күндері аралығында Қазақстан Республикасының ҚХР Сиань қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация жұмыс сапармен болды. Делегация құрамына кәсіпкерлік, цифрландыру, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау саласы басшылары мен аудан әкімдері, қалалық маслихат депутаттары мен Жоғары білім беру және бизнес өкілдері енді.

Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірибие алмасу.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов  Шэньси провинциялық партия комитетінің Тұрақты комитетінің мүшесі және муниципалдық партия комитетінің хатшысы Фан Хунвэймен кездесті. Кездесуде екі қала арасындағы серіктестік пен экономикалық мүмкіншіліктері талқыланып, алдағы уақытта Шымкент - Сиань әуе рейсін ашу мәселесі қаралды.

Шара барысында Шымкент пен Сиань әкімдіктері, қалалық Мәслихат пен Халық құрылтайы өкілдері, Жоғары оқу орындары, жеке және орта бизнес өкілдері арасында екі жақты В2В кездесулері ұйымдастырылып, Жоғары оқу орындары қытайлық серіктестерімен өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойып, бизес өкілдері арнайы озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралады.

Қазіргі таңда Сиань қаласы делегациясының Қазақстанға қарымта іс-сапары күтілуде.