Бас консул Сианьдағы ДҚМ (дәстүрлі қытай медицинасы) және ми ауруларын емдеу ауруханасында емделіп жатқан қазақстандық балалармен кездесті

Бас консул Сианьдағы ДҚМ (дәстүрлі қытай медицинасы) және ми ауруларын емдеу  ауруханасында  емделіп жатқан қазақстандық балалармен кездесті

Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Ж.Қыраубаев Сиань дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасында емделіп жатқан қазақстандық балалармен және ата-аналарымен, емдеуші дәрігерлерімен кездесіп, олардың емдеу әдістерімен танысты.

Кездесуде мекеменің қызметімен танысып, Қазақстан мен Қытайдың медициналық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында келіссөздер жүргізді.

Медициналық орталық басшысы Сиань ауруханасының 2000 жылдан бастап ми ауруларын емдеуге бағытталып, мемлекеттік «А» санатындағы 3-деңгейлі дәстүрлі қытай медицинасының мамандандырылған ауруханасы екенін атап өтті. Ауруханада 1500 емделу жатын төсегі бар. Жалпы 19 бағыт бойынша диагностика жүргізіп, гидроцефалия, церебральды сал ауруы, ақыл-ой дамуының кешігуі, аутизм, ми ісігі және т. б.  ми аурулары мен жүйке науқасын емдеу және оңалтумен айналысады. Сонымен қатар, терапевтік, хирургиялық, гинекологиялық және педиатриялық т.б. кешенді клиникалық бөлімшелері бар.

Кездесу барысында, Дәстүрлі қытай медицинасы орталығының өз емдеу тәсілдерін қазіргі заманауи медицина жетістіктерімен ұштастыра отырып,  бірдей қолдану арқылы пациентке емдеу тәсілі кешенді жүргізілетін жалғыз мекеме екендігіне ерекше назар аударды. Осылайша, бұл орталық толығымен дербес зияткерлік меншігі және орасан зор инновациялық әлеуеті бар ұлттық денсаулық сақтау индустриясына айналды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта дәстүрлі қытай медицинасын шетелде ілгерілету жұмыстары жүріп жатыр деген пікірмен бөлісті, Бангладеш, Индонезия, Ресей сияқты елдерде дәстүрлі қытай медицинасының 8 емдеу орталығы құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда да өз өкілдігін ресми ашуы күтілуде.

Талқылау барысында Бас консул тәжірибе алмасу, яғни дәрігерлердің біліктілігін арттыру, қашықтықтан оқыту, консультациялар және күрделі аурулар бойынша онлайн консилиумдар өткізу/жүргізу мәселелерін қозғады.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Бас консулдық пен медициналық орталық тұрақты жұмыс байланыстарын жүргізуге келісті.