
Ү.ж. 17-19 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары нәтижесінде Сиань қаласының қонақжайлығына білдірген ілтипаты ретінде «Алтын сақа» естелік сыйлығы жолданған.
Мемлекет басшысы атынан жолданған естелік сыйлықты Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Ж.Қыраубаев қалалық «Датан» орталық мұрайжайынының директоры Ван Бин ханымға арнайы табыс етті.
Мұражай басшылығы аталған сыйлықтың мұражай төрінен орын алатындығын және екі мемлекеттің тарихи тұрғыдан ұласқан байланысын жаңа дәуірде жарасымды жалғастыруға мүдделі екендігін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту мақсатында Бас консулдық пен мұражай өзара тұрақты жұмыс байланыстарына қолдау білдіруге келісті.