Сиань қаласында Орталық Азия елдері мен Қытайдың ұлттық мерекелері достық пен мәдени алмасу рухында аталып өтті

Сиань қаласында Орталық Азия елдері мен Қытайдың ұлттық мерекелері достық пен мәдени алмасу рухында аталып өтті

Сиань, 2025 жылдың 22 қазан - Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Хатшылықпен және Шэньси провинциясы Халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының күні мен Қытай Халық Республикасының құрылу күніне арналған, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған салтанатты іс-шараны ұйымдастырды.

Іс-шараға Шэньси өңірінің 12-шақырылымның Халық саяси кеңесу алқасының төрағасының орынбасары Вэй Цзэнцзюнь, «Орталық Азия – Қытай» форматының Бас хатшысы Сунь Вэйдун, жергілікті дипломатиялық өкілдіктер, провинцияның білім, мәдениет және туризм, шетел істері бөлімдері, шығармашылық интеллигенция өкілдері сияқты шамамен 120 ресми тұлға, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің студенттері қатысты.

Салтанатты жиынның басты бағыттарының бірі Жібек жолы мен Орта Азияға арналған көркемөнер қойылым экспозициясы ұйымдастырылды. Онда 46 шығарма таныстырылды. Көрменің авторлары Орта Азия елдерінің табиғи ландшафттарын, мәдени ерекшеліктерін және заманауи келбетін бейнелеп, көрермендерге аймақтың тартымдылығын сезінуге мүмкіндік берді.

Тауарлар, азық-түлік өнімдері және ұлттық киімдердің элементтерінен тұратын көрме Орта Азия елдерінің Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастығының нәтижелерін айқын көрсетті. Павильонда Қазақстанның ұны мен күнібағыс майы, Қырғызстаннан бал, Өзбекстаннан табиғи құрғақ жемістер, сондай-ақ дәстүрлі ортаазиялық киімдер және материалдық емес мәдени мұра үлгілері ұсынылды. Орта Азия мемлекеттерінің ауыл шаруашылық өнімдерінен қытай нарығына әкелінген өнімдер сауда қатынастарының дамуын және өзара тиімділік қағидатының практикалық тұрғыдан жүзеге асуын көрсетеді.

Сонымен қатар, ашық алаңда бай мәдени бағдарлама өтті. Орта Азия елдерінің студенттері қытайлық әртістермен бірге ұлттық және заманауи би нөмірлерін, музыкалық попурриларды, сонымен қатар циньцян операсының орындалуын тамашалады. Орындаулар қала жұртшылығы көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Алты елдің ұлттық мерекелеріне орай ұйымдастырылған бұл іс-шарада Бас консулдық жергілікті халықты қазақ халқының мәдени мұрасымен кеңінен таныстыруға күш салды. Бұл халық дипломатияның, өркениетаралық диалогтың және өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосары анық.